
Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.
ВАК елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты әлемнің 30 елімен, оның ішінде Катармен визасыз режимді а. ж. 27 қыркүйектен бастап қалпына келтіру туралы шешім қабылдады.
Катардың Ұлттық авиатасымалдаушысы - "Qatar Airways" компаниясы 2021 жылғы 15 қазаннан бастап Доха және Алматы қалалары арасында Қазақстанға тұрақты рейстерді орындауын бастауды жоспарлап отырғанын еске саламыз.
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпанияның сайтында жарияланған кестеге сәйкес А-320 ұшақтарымен аптасына 2 рет, дүйсенбі және жұма күндері орындалады деп жоспарлануда.