«Qatar Airways» Қазақстанға әуе рейстерін ашады

«Qatar Airways» Қазақстанға әуе рейстерін ашады

Катардың Ұлттық авиатасымалдаушысы - "Qatar Airways" компаниясы 2021 жылғы 15 қазаннан бастап Доха және Алматы қалалары арасында Қазақстанға тұрақты рейстерді орындауын бастауды жоспарлап отыр.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес А-320 ұшақтарымен аптасына 2 рейс, дүйсенбі және жұма күндері орындалады деп жоспарлануда.

Екі ел арасында тұрақты рейстердің ашылуы Қазақстан мен Катар арасындағы сауда-экономикалық, мәдени және туристік қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал етеді.

«Qatar Airways» әуе компаниясы 1997 жылы құрылған. Бүкіл әлем бойынша 160-тан астам тағайындау тіректерін біріктіре отырып, жер шарының алты құрлығына ұшады. А-320/321/350, Б-777/787 үлгісіндегі 200-ден астам ұшағы бар.

«Qatar Airways» 2011, 2012, 2015, 2017 және 2019 жылдары Skytrax нұсқасы бойынша әлемнің «бес жұлдызды» авиакомпанияларының рейтингіне кірді.