Катармен ынтымақтастық деңгейі артып келуде

Катармен ынтымақтастық деңгейі артып келуде

23 жылғы 23 тамызда Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл-Тани Дохаға жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-министрінің 1-ші орынбасары  Ә.Смаилов бастаған қазақстандық делегацияны қабылдады. Кездесу барысында Қазақстан-Қатар ынтымақтастықтың өзекті мәселелер талқыланды. Әмір Нұр-Сұлтан мен Доха арасындағы қатынастардың дамуын жоғары бағалап, Қазақстанға өз сапары кезінде Президент Қ-Ж.К. Тоқаевпен жаңа кездесу күтетінін атап өтті.

Қазақстандық делегация құрамында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқармасының төрағасы А.Сатқалиев, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер, ауыл шаруашылығы, ұлттық экономика, мәдениет және спорт вице-министрлері, сондай-ақ  «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары, мұнымен қоса «BI Group», «Agro Holding Dinara Group», «Target AI», «Evotech CA» секілді ірі компаниялардың басшылары болды.

Сапар барысында Қазақстандық делегация ҚМ Премьер-министрінің орынбасары-сыртқы істер министрі Шейх Мұхаммед бен Абдурахман Әл-Танимен, Муниципалитет және қоршаған ортаны қорғау министрі Абдулла бен Абдулазиз бен Түрки Әл-Субайемен, Сауда және өнеркәсіп министрі Әли әл-Куари, сондай-ақ «Qatar Airways» басшысы Акбар әл-Бакермен, Қатарлық бизнесмендер қауымдастығымен, «Qatar Investment Authority» ұлттық инвестициялық қорының және «Hassad Food», «Qatari Diar», «Qatar Mining», «Al Fardan Group» және «Baladna» ұлттық компанияларының басшыларымен кездесулер өткізілді.

Кездесулер шеңберінде Катар тарапына тау-кен өндіру, ауыл шаруашылығы, банк секторы және туризм саласындағы нақты инвестициялық жобалар таныстырылды, сондай-ақ Қазақстан мен Катар арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды.

Сондай-ақ, Ә.Смайылов «Самұрық-Қазына» мен Қатар Сауда Палатасымен бірлесіп ұйымдастырылған Қазақстан-Қатар Іскерлік кеңесінің бірінші отырысына қатысты.

Ә.Смайылов өз сөзінде сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту үшін үлкен әлеуеттің бар екеніндігін және Қазақстан мен Катар арасындағы мемлекетаралық байланыстарды тереңдету мен кеңейтуге жеке секторды белсенді тартудың маңыздылығын атап өтті.

Іс-шара барысында бірқатар қазақстандық ұлттық компаниялар мен Қазақстанның ірі кәсіпорындарының басшылары Қатар бизнесінің назарына шетелдік инвесторлар үшін елімізде құрылатын экономикалық мүмкіндіктерді ұсынды.

Бұл сапар Қатар Әмірі шейх Тәмим бин Хамад Әл-Танидің осы жылға жоспарланған Нұр-Сұлтанға мемлекеттік сапарына дайындық шеңберінде ұйымдастырылды, оның барысында екі ел арасындағы әріптестікті одан әрі нығайтуға бағытталған маңызды екіжақты құжаттарға қол қою жоспарлануда.