
Ағымдағы жылдың 10 тамызында Қазақстанның Дохадағы елшісі А.Исағалиев Қатардың сауда және өнеркәсіп министрі, Қазақстан-Қатар жоғары деңгейлі комиссиясының тең төрағасы Әли бен Ахмад Әл-Кауаримен кездесу өткізді.
Сұхбат барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың басым бағыттарын және Қазақстанда ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жолдарын талқылау мақсатында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан-Қатар комиссиясының тең төрағасы Ә.А.Смайылов бастаған ресми делегацияның Дохаға сапарын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Қатарға сапар барысында делегацияның ел басшылығымен, үкімет мүшелерімен және ұлттық компаниялардың басшыларымен келіссөздері, сондай-ақ Қазақстан-Қатар іскерлік кеңесінің отырысын өткізу жоспарланған.
Министрмен кездесу кезінде казақстандық дипломат Қатар Әмірінің Нұр-Сұлтанға мемлекеттік сапарын ұйымдастыру, екі ел арасында тікелей әуе рейстердің ашылуы, сондай-ақ екіжақты тауар айналымын арттыру сияқты маңызды мәселелерді көтерді.