Тәуелсіздіктің 30-жылдығы қарсаңында Қазақстан Қатарда бірқатар мәдени іс-шаралар өткізеді

Тәуелсіздіктің 30-жылдығы қарсаңында Қазақстан Қатарда бірқатар мәдени іс-шаралар өткізеді

Бұл туралы ү.ж. 1 тамызда өткен Қазақстанның Дохадағы Елшісі А.Исағалиевтың «Мәдени ауыл – Katara» қорының Бас директоры Халед Ибрахим Әл-Сулейтимен өкізген кездесуі барысында келісілді.

Атап айтқанда, қазақстандық дипломат бұл маңызды мерейтойды тойлау қарсаңында «Katara» алаңдарында фото- және сурет көрмелерін, классикалық музыка, опера және фольклорлық ансамблдердің концерттерін, сондай-ақ қазақстандық көркем фильмдердің көрсетілімдерін ұйымдастыруды ұсынды.

Доктор Х. Әл-Сулейти мәдени бағытта Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға қызығушылық танытып, бұл іс-шараларды өткізудің қатарлықтарды қазақ халқының бай және қызықты мәдениеті мен тарихи мұрасымен таныстыру үшін маңыздылығын атап өтті.

Сонымен бірге, тараптар Қазақстан күнін «Katara» қаласында өткізуге және осы кешенде орналасқан «Al Thuraya» планетарийінде қазақ бұрышын ашуға уағдаласты.

Әмір-Әке шейх Хамад бен Халифа Әл-Танидің бастамасымен құрылған «Мәдениет ауылы - Katara» кешені - барлық әлемдік мәдениеттерді біріктіретін бірегей және көп қырлы жоба болып табылады. Кешенге опера және драма театрлары, концерт залдары мен ашық алаңдар, көрме галереялары, соңғы үлгідегі дыбыс жазу және киностудиялар кіреді. Олардың арқасында «Katara» көпмәдениеттілік саласындағы әлемдік көшбасшы болуға ұмтылады. Бұл кешенде жыл сайын халықаралық, аймақтық және жергілікті фестивальдар, көрмелер, қойылымдар мен әлемдік жұлдыздардың концерттері өтеді.

Мәдени ауылдың атауы көне тарихи құжаттардан алынған. Біздің эрамыздың 150-жылынан бастап географиялық және тарихи карталарда Қатар түбегінің алғашқы және ең көне атауы «Katara» болды.