АҚИҰ Бас директорының Дохаға сапары туралы

АҚИҰ Бас директорының Дохаға сапары туралы

Ү.ж.11-15 шілде аралығында Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының Бас директоры Е. Байдаулет бастаған делегация 2016 жылдан бастап АҚИҰ мүшесі болып табылатын Қатар Мемлекетіне жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында делегаттар ҚР Қатардағы Елшісі А. Исағалиевпен бірге ҚМ Сыртқы істер министрлігінің Бас хатшысы Ахмад Хассан әл-Хамади, ҚМ Муниципалитет және қоршаған ортаны қорғау министрі Абдалла бен Әбделәзиз бен Түрки Ас-Субай, Қатар Даму Қоры Бас директорының орынбасары Али Әл-Даббах, «Hassad Food» ұлттық компаниясының Төрағасы Мұхаммед Бадр Әл-Сада, Қатар инвестицияларды ілгерілету агенттігінің атқарушы директоры шейх Али әл-Уалид Әл-Тәни, «Global Dryland Alliance» Атқарушы директоры Бадер Омар Әл-Дафамен және  әлемнің жетекші «Qatar Airways» әуекомпаниясының басшысы Акбар Әл-Бакермен келіссөздер өткізді.

Аталмыш кездесулерде АҚИҰ Бас директоры Қатар Мемлекетінің толыққанды мүше мемлекет ретіндегі маңыздылығын атап өтіп, АҚИҰ-ның құрылуына, оның құрылымына, стратегиялық бағдарламалары мен гуманитарлық бейініне шолу жасады. Ол ұйымның негізгі бағдарламалары туралы, оның ішінде Қатар стратегиялық рөл атқара алатын 10 жылға арналған стратегия туралы, атап айтқанда гуманитарлық бағдарламалар туралы айтты.

Қатар тарапы АҚИҰ бағдарламалары шеңберінде белсенді ынтымақтасуға дайын екендігін білдірді және мемлекеттік инвестициялық агенттіктермен ынтымақтастықта ұлттық генобанктерді, ұлттық азық-түлік секторын, азық-түлік қауіпсіздігін және халал өнімдерді дамытуға ерекше назар аударды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен жұмыс тобын құруға, өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қоюға және бірлескен іс-қимыл жоспарын қабылдауға уағдаласты. Қатар Сыртқы істер министрлігінің Бас хатшысы талқыланған барлық ұсыныстарды қолдап, екіжақты консультацияларды жалғастыруға келісті. Сондай-ақ, «Global Dryland Alliance» және АҚИҰ-ның ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою және құрғақ елдерде азық-түлік қауіпсіздігі проблемаларын шешу жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірлеу туралы шешімін атап өту қажет.