Қазақстан Елшісі Қатардағы экологиялық жобаға қатысты

Қазақстан Елшісі Қатардағы экологиялық жобаға қатысты

Наурыз мейрамын тойлау қарсаңында Қазақстанның Дохадағы Елшісі А.Исағалиев Қатардың Муниципалитет және қоршаған ортаны қорғау министрлігі ұйымдастырған «Миллион ағаш отырғызу» бастамасына қатысты.
Бұл бастама Қатарда 2019 жылы елдің Париж келісімін ұстануы аясында іске қосылды және мемлекетті көгалдандыруға және экологиялық жүйесін қолдауға бағытталған. Магистральдарда, өндірістік аудандарда, тазарту қондырғылары мен сақтау орындарында, жаңбыр суын жинайтын жерлерде, қалалық және муниципалды жолдарда, қоғамдық саябақтарда, мектептер мен тұрғын үй кешендері бойында ағаштар отырғызылуда.
Биоалуантүрлілікті ілгерілетуге, тазартылған суды пайдалануға, ауа сапасын жақсартуға және газ шығару көлемін азайту үшін жасыл алаңды ұлғайтуға бағытталған бұл экологиялық жобаны елдің барлық азаматтары, сондай-ақ Қатарда тұратын шетелдіктер қолдады.