Қатарда Алғыс айту күні атап өтілді

Қатарда Алғыс айту күні атап өтілді

2021 жылғы 1 наурызда Қазақстанның Қатардағы Елшілігінде дипломатиялық өкілдіктің қызметкерлері мен Дохада тұратын қазақстандық азаматтардың қатысуымен Алғыс айту күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті.

Елші А.Исағалиев өзінің алғы сөзінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2015 жылғы сәуірде өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясында жариялаған осы мереке туралы айтты. Дипломат бұл мереке ізгілік, өзара құрмет пен сенім құндылықтарына ізет көрсетуді, барлық этностардың бір-біріне және өз жерінде мейірімділік танытып, түрлі этностардың өкілдерін қабылдаған қазақтарға деген ризашылығын білдіретінін атап өтті. Бұл күн Қазақстанның баға жетпес байлығы, Отанымыздың халқының бірлігінің бейнесі болып табылады.

Сондай-ақ, А.Исағалиев биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің       30- жылдығын мерекелеуге тоқталды. Елші Тәуелсіздігіміздің тарихы – қазіргі әлемнің кез келген табысты елінің даму барысын көркейтуге қабілетті ұлы шежіре екенін атап өтті.

Іс-шара аясында дипломат Қатардағы жұмыс істейтін және оқып жүрген қазақстандықтарды Алғыс күнімен құттықтап, олардың болу елінде Отанымыздың имиджін, мәдениеті мен құндылықтарын насихаттаудағы белсенді жұмыстары үшін ризашылығын білдірді.

Елші Қатардағы қазақ диаспорасының белсенділеріне Қазақстан мен Қатар арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға көрсеткен көмегі үшін алғыс хаттар табыстады.

 Қазіргі уақытта Қатар Мемлекетінде 400-ге жуық ҚР азаматтары тұрады, олар мұнай-газ саласында, жеке компанияларда, қонақ үй бизнесінде жұмыс істейді, сондай-ақ елдің үздік университеттерінде білім алуда.