Қазақстан мен Қатардың білім және ғылым саласындағы ынтымақтастығы зор әлеуетке ие

Қазақстан мен Қатардың білім және ғылым саласындағы ынтымақтастығы зор әлеуетке ие

Ү.ж. 18 қаңтарда Елші А.Исағалиев Қатардың жетекші жоғары оқу орындарының бірі - Хамад бен Халифа университетінің Президенті, доктор Ахмад Хаснамен кездесті.

Кездесу барысында қазақстандық дипломат екі елдің университеттері арасында білім мен ғылым саласында ауқымды ынтымақтастық орнатудың маңызды әлеуетін атап өтті. Бұған шейх Хамад бен Халифа университетінің Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетімен соңғы жылдардағы жемісті өзара іс-қимылы дәлел. 2019 жылы Қатардың жоғары оқу орны Астана Халықаралық қаржы орталығымен бірлесіп ҚазҰУ базасында исламдық қаржыландыру Ғылыми-білім беру орталығын құруға ықпал етті, ол біздің елімізде және жалпы Орталық Азия өңірінде исламдық қаржыландыру саласында мамандар даярлау жөніндегі алғашқы мекеменің бірі болды. 2020 жылы ҚазҰУ исламдық қаржыландыру саласындағы жетістіктер мен білімнің дамуына қосқан үлесі үшін «Global Islamic Finance Awards 2020» (GIFA) беделді халықаралық сыйлығымен марапатталды. Осы оң тәжірибені ескере отырып, Елші қазақстандық тараптың еліміздің басқа да жоғары оқу орындарында осындай орталықтар құруға қызығушылық білдірді.

Сонымен қатар, Елші катарлық тараптың қарауына Назарбаев Университеті мен Хамад бен Халифа Университеті арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум жобасын тапсырды, оған жақын арада қол қою жоспарлануда.

          Сонымен бірге, кездесу барысында білім және ғылыми гранттар беру, студенттер мен оқытушылармен алмасу, бірлескен ғылыми жобаларды іске асыру мүмкіндіктері талқыланды.

          Кездесу соңында Қатар жоғары оқу орнының басшысына араб тілінде жарық көрген қазіргі қазақ әдебиетінің Антологиясы мен Абай шығармаларының жинағы таныстырылды, сондай-ақ университетте Әл-Фараби мұрасына арналған ғылыми семинар өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.