
2021 жылғы 17 қаңтарда ҚР-ның Қатар Мемлекетіндегі Елшісі
А.Исағалиев Қатардың Сауда-өнеркәсіп палатасы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхаммед бен Ахмед бен Тауар Аль Кауаримен кездесті.
Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы ынтымақтастықты арттыру жолдарын талқылады.
Елші сұхбаттасын ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың жақында Қазақстан халқына жасаған Жолдауында айтылған еліміздің экономикасын әртараптандыру жөніндегі саясатының жаңа басымдықтары мен және бағыттарымен таныстырды.
Сондай-ақ, А.Исағалиев елдегі шетелдік инвесторлардың ашық қызметі үшін қолайлы жағдай жасау бойынша Үкімет жүргізіп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті. Атап айтқанда, Елші визалық режимді ырықтандыруға, инвесторлардың құқықтарын қорғауға, әкімшілік кедергілерді азайтуға бағытталған қабылданып жатқан заңнамалық және өзге де нормативтік-құқықтық актілер туралы айтып берді.
Сонымен қатар, қазақстандық дипломат соңғы жылдары елдер арасындағы тауар айналымы өсімінің оң динамикасын атап өтті. Осы ретте, Қазақстан-Қатар Іскерлік кеңесінің қызметін жандандыруды, екі елдің кәсіпкерлерінің сауда мәселелері мен өзара қызығушылық тудыратын жобаларды нақты талқылау, олардың арасында тікелей байланыс орнату үшін сапарлармен алмасуын ұсынды.
Өз кезегінде, ҚМ Сауда-өнеркәсіп палатасы Төрағасының Бірінші орынбасары екі елдің іскер топтары арасындағы ынтымақтастықты кеңейту туралы қазақстандық тараптың кез-келген ұсыныстарын қолдауға дайын екенін білдірді және «COVID-19» індеті аяқталғанан кейін, осы мақсатта қатарлық кәсіпкерлермен бірге Қазақстанға баруға және қазақстандық тараппен тиісті келіссөздер жүргізуге уәде берді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен күш-жігерді әртүрлі деңгейлерде, соның ішінде өзара сапарлар, бизнес-семинарлар мен «B2B» кездесулері секілді тақырыптық іс-шараларды ұйымдастыру арқылы жүзеге асыруға уағдаласты.