2020 жылғы 1 қарашада Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл-Тани Дохаға жұмыс сапарымен келген ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Т.Сүлейменов және ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев бастаған қазақстандық делегацияны қабылдады. Кездесу барысында Қатар Әміріне екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері бойынша ҚР Президентінің жолдауы табыс етілді.
Сапар аясында қазақстандық делегация Қатардың Қорғаныс, Сауда және өнеркәсіп және Муниципалитет және қоршаған ортаны қорғау министрлерімен, сондай-ақ Орталық банк төрағасымен және елдің ұлттық компаниялары мен инвестициялық қорларының басшыларымен кездесті, олардың барысында Қазақстан мен Қатар арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың басым бағыттары айқындалды.