Қазақстанның Елшісі Қатардың Муниципалитет және қоршаған ортаны қорғау министрімен кездесті.

Қазақстанның Елшісі Қатардың Муниципалитет және қоршаған ортаны қорғау министрімен кездесті.

2020 жылғы 22 қазанда Елші А.Исағалиев екі ел арасындағы ынтымақтастықты жандандыру үшін, Қатар Мемлекетінің Муниципалитет және қоршаған ортаны қорғау министрі Абдалла бен Әбделәзиз бен Түрки Ас-Субаймен кездесті.

Аталмыш министрлік Қатар Үкіметінің ең ірі мекемесі болып табылады. Оның құзыретіне ауыл шаруашылығы секторы, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, астанасының инфрақұрлымын дамыту және экологияны қорғау міндеттердің кең ауқымы кіреді.

Кездесу барысында қазақстандық дипломат екі елдің ауыл шаруашылығы саласындағы кең ауқымды ынтымақтастықтың жоғары әлеуеттін атап өтті. Атап айтқанда, Қатарға қазақстандық ет, астық және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу мүмкіндіктері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында аграрлық сектордағы бірқатар перспективалы инвестициялық жобалар талқыланды.

Сондай-ақ, тараптар екі елдің Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы аясындағы өзара іс-қимылын талқылады.

Қатар Әмірінің Қазақстанға алдағы мемлекеттік сапары барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен  ҚМ Муниципалитет және қоршаған ортаны қорғау министрлігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға, сондай-ақ екі мемлекеттің астаналары Нұр-Сұлтан мен Доха арасында бауырластық қатынастар орнату туралы келісімге қол қою жоспарлануда