Қазақстанның Елшісі Қатардың Сауда және өнеркәсіп министрімен және «Hassad Food» компаниясының басшысымен кездесті

Қазақстанның Елшісі Қатардың Сауда және өнеркәсіп министрімен және «Hassad Food» компаниясының басшысымен кездесті

2020 жылғы 20 қазанда Елші А.Исағалиев екі ел арасындағы ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылау үшін, Қатар Мемлекетінің Сауда және өнеркәсіп министрі, Қазақстан-Қатар жоғары деңгейдегі тобының (үкіметаралық комиссия)  тең төрағасы Али бен Ахмад Әл-Кауаримен кездесті.

         Тараптар инвестициялық және сауда-экономикалық саладағы өзара іс-қимылдың жоғары әлеуетін атап өтіп, екіжақты байланыстарды жандандыру бойынша нақты іс-қимылдарды белгіледі.

         Атап айтқанда, сауда айналымын арттыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, оның көрсеткіштері соңғы уақытта өсу үрдісін көрсетіп отыр. Бұған тікелей жүк рейстерінің ашылуы, сондай-ақ қарқынды іскерлік байланыстар ықпал етті.

         Сондай-ақ, қазақстандық дипломат қатарлық министрмен алдағы жылдары Қазақстан аумағында жүзеге асырылатын бірқатар инвестициялық жобаларды талқылады.

         Сол күні Елші «Hassad Food» ұлттық компаниясының Бас атқарушы директоры Мұхаммед Бадр Әл-Садамен кездесті. Бұл компания Қатардың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және шет елдермен инвестициялық ынтымақтастық мәселелерімен айналысады. Сұхбат барысында Қатарға қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау, сондай-ақ Қазақстанның аграрлық жобаларына мақсатты инвестициялар салу мәселелері талқыланды.

Қазіргі таңда «Hassad Food» компаниясы мен қазақстандық «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі арасында ынтымақтастық туралы келісім қол қоюға дайындалуда.