
Бұл жөнінде Қатардың «Qatar Mining» мемлекеттік компаниясының Басқарма төрағасы Халед Ахмад әл-Обайдли Қазақстанның Дохадағы Елшісі Арман Исағалиевпен кездесуінде мәлімдеді.
Сұхбат барысында екіжақты ынтымақтастық, атап айтқанда пайдалы қазбалар, кен орындарын бірлесіп игеру және Қазақстанның тау-кен өндіру жобаларына мақсатты инвестициялар салу мәселелері талқыланды.
2019 жылдан бастап «Qatar Mining» «Тау-Кен Самұрық» қазақстандық ұлттық тау-кен компаниясымен табысты келіссөздер жүргізуде. Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнидің Қазақстанға алдағы мемлекеттік сапары барысында екі компания арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылады.
Анықтама: «Qatar Mining» - толығымен мемлекетке тиесілі Қатар тау-кен компаниясы. 2010 жылы шетелде тау-кен және металлургия салаларына инвестиция салу үшін құрылған. Қазіргі уақытта компания Судан мен Алжирде ірі жобаларды жүзеге асыруда.