Ү.ж. 15 қазанда Қазақстанның Елшісі А.Исағалиев Қатардың
Мемлекеттік министрі – Ұлттық кітапхананың басшысы Хамад бен
Әбделазиз Әл-Кауаримен кездесті.
Сұхбат барысында тараптар мәдени-гуманитарлық
ынтымақтастықты кеңейту жолдарын талқылап, екі елдің ұлттық
кітапханалары арасында өзара тығыз байланыс орнатуға уағдаласты.
Дипломат Қатардың бас кітап қоймасында қазақстандық бұрыш
ашуды ұсынды. Кітапханаға біздің еліміздің саясаты, экономикасы,
тарихы, мәдениеті мен табиғаты жөнінде араб және ағылшын тілдеріндегі
кітаптар сыйға тартылады.
Кездесу барысында А.Исағалиев доктор Әл-Кауариге қазақтың ұлы
ақыны және ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына
арналған араб тілінде жақында жарық көрген кітабының данасын табыс
етті.