Қатардың Сыртқы істер министрі АӨСШК-нің СІМК-не қатысты

Қатардың Сыртқы істер министрі АӨСШК-нің СІМК-не қатысты

2020 жылғы 24 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің төрағалығымен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіне (АӨСШК) мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің бейнеконференция форматында отырысы өтті. Кездесудің басты мақсаты АӨСШК-тегі төрағалықтың Тәжікстан Республикасынан Қазақстан Республикасына табысталуы болды. Аталған іс-шараға Қатар Мемлекетінің Сыртқы істер жөніндегі мемлекеттік министрі Сұлтан бен Саад әл-Мурейхи қатысты.

Қазақстан Республикасы төрағалығының басты басымдығының бірі ретінде Кеңесті одан әрі институттандыру, бұл өз кезегінде оған мүше-мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ ұйымның халықаралық аренадағы мәртебесін көтеруге мүмкіндік береді.