Меню

Страницы

Статья

Құжаттарды заңдастыру

ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінде құжаттарды заңдастыру

Қазақстан Республикасы шетелдік ресми құжаттарды заңдастырылуын талап етуді жоятын Конвенцияға мүше мемлекет болып табылады Гаага конвенциясы, 1961 ж.

Гаага конвенциясына сәйкес, бір мемлекеттің құзыретті органдарымен жасалған және Гаага конвенциясына қатысушы басқа да мемлекеттің аумағында қолдануға жататын құжаттарға «апостиль» (Гаага конвенциясына сәйкес дайындалған арнаулы растама мөртаңба) мөрі қойылады.

Құжат пайдаланатын мемлекет Гаага конвенциясының мүшесі болып табылмаса, консулдық заңдастыру рәсімін жүзеге асыру қажет.

Консулдық заңдастыру (бұдан әрі - заңдастыру) дегеніміз құжаттардың болу елінің қолданыстағы заңдарына сәйкестiгiн тексеру және мұндай құжаттарды басқа мемлекетте пайдалану мақсатымен оларға лауазым иесiнiң қойған қолымен басқан мөрiнiң түпнұсқалылығын анықтаумен куәландыру болып табылады. Аталған іс-шара Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің 2000 жылғы 21 қарашадағы № 264 Бұйрығымен реттелінеді.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 3 (үш) жұмыс күні, ал қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайда, жеке және заңды тұлғаға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) жазбаша түрде хабарлай отырып, мерзім күнтізбелік 30 (отыз) күнге ұзартылуы мүмкін

Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

  • 1.еркін нысандағы өтініш;
  • 2.көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа және көшірме);
  • 3.консулдық заңдастыруға жататын құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі;
  • 4.консулдық төлем-ақыны төлегенiн растайтын құжат;
  • 5.құрылтай құжаттары (заңды тұлғалар үшін);
  • 6.сенімхат (өтініш білдіруші келе алмаған жағдайда).

Заңдастыруға жататын құжаттарға қойылатын талаптар

Заңдастырылатын құжаттар түпнұсқа ретінде, сондай-ақ, нотариалдық расталған түрінде де қабылдануда. Егер шетелдік дипломатиялық өкілдік немесе шетелдік мекеме заңдастыратын құжатты мемлекеттік немесе орыс тілдерінен аударуды талап ететін болса, онда оларды Консулдық қызмет департаментте аудармамен бірге заңдастыру жасалынуы мүмкін.

Заңдастыруға ұсынылатын құжаттар мен актілер анық және дәл жазылуы тиіс, сондай-ақ, лауазымды тұлғалардың қолтаңбалары мен мөрлерінің басылуы анық болуы қажет.

Консулдық қызмет департаментi шетелдiк ұйымдар мен мекемелерден шығатын құжаттар мен актiлердi, егер олар құжат шыққан шетел мемлекетiнiң шет елдік мекемесiнде алдын ала заңдастырылған болса заңдастырады.

Дата публикации
22 января 2022
Дата обновления
22 января 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
25 мая 2025
ҚР азаматтарына арналған жадынама
Ақпарат
18 марта 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркеу
Ақпарат
18 марта 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары