Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
ҚР азаматтарына арналған жадынама

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

Бұл жадынама ҚР-ның Қатарға шығатын азаматтарына арналған және шетелдегі саяхат кезінде қиындықтарға ұшырмау үшін жалпы қағидалар мен кеңестерді қамтиды.

Визалық сұрақтар:

Қазақстан мен Қатар арасында визасыз режим.

ҚР азаматтарының болу мерзімі келген күннен бастап күнтізбелік
90 күн ішінде 30 күнтізбелік күнді құрайды.

Паспорттың жарамдылығы:

Паспорттың жарамдылық мерзімі сапар аяқталғаннан кейін кем дегенде 6 айға дейін жарамды болу керек.

Кедендік бақылау:

Қатарға кіру немесе шығу кезінде жолаушылар тауарларды, қолма-қол ақшаны және құндылықтарды, егер олар белгіленген шектен асып кетсе, декларациялауға міндетті.

Егер сізде 50 000-нан аса катарлық риал немесе басқа валютадағы баламасы, сондай-ақ бағалы қағаздар, чектер немесе бағалы металдар алып жүрсеңіз, оларды декларациялауыңыз керек.

 

Міндетті түрде декларациялауға жататын тауарлар

  • Дәрілік заттар (кейбіреулері Денсаулық сақтау министрлігінің арнайы рұқсатын талап етеді).
  • Сәнді заттар (сағат, зергерлік бұйымдар, қымбат аксессуарлар).
  • Асыл металдар мен тастар.
  • Қару және оқ-дәрілер (импорт/экспорт тек Қатар Ішкі істер министрлігінің рұқсатымен ғана мүмкін).
  • Алкоголь (импорттауға тыйым салынады).
  • Темекі мен электронды темекілер (шектелген мөлшерде рұқсат етілген, нормадан асатын – баж салығы бойынша).
  • Жануарлар мен өсімдіктер (мал дәрігерлік немесе фитосанитарлық сертификаттар қажет).
  • Коммерциялық тауарлар.

 

Шектеулер мен тыйымдар

  • Есірткілерді, порнографиялық материалдарды, исламға қайшы діни материалдарды және ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін тауарларды әкелуге қатаң тыйым салынады.
  • Дрондарды әкелу тек биліктің рұқсатымен ғана мүмкін.
  • Құрамында есірткі заттары бар дәрілік заттар.

 

Декларация процесі

  • Әуе тасымалы үшін: кедендік декларация толтырылуы керек (қағаз немесе электронды нысанда).
  • Шекарадан көлікпен өткенде: декларация кеден бекеттерінде тапсырылады.

 

Ережені бұзғаны үшін айыппұлдар

  • Декларацияланбаған қолма-қол ақша тәркіленуі мүмкін.
  • Тыйым салынған тауарларды әкелуге әрекет жасау айыппұлдарға, депортацияға немесе қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін.

Қатарға барар алдында «General Authority of Customs» www.customs.gov.qa веб-сайтындағы қолданыстағы кедендік ережелермен танысу ұсынылады.  

Медициналық сақтандыру:

  • Медициналық сақтандыру полисін сатып алуы сапар кезінде жазатайым оқиғадан сақтандыруға және сақтандыру жағдайы басталған кезде күтпеген медициналық шығындардан аулақ болуға мүмкіндік береді.

    «Туристі міндетті сақтандыру туралы»

Эпидемиялық ахуал:

Қатардағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты, жұқпалы аурулардың жаңа ошақтары туралы хабарламалар жоқ.

Қалыптасқан тәртіп нормалары:

Қатарда болған кезде сіз оның заңдарына бағынасыз және оны қатаң сақтауыңыз керек. Тұрғылықты елдің заңдарын білмеу сізді жауапкершіліктен босатпайды.

Жалпы қабылданған этика және мораль нормаларын ұстаныңыз, мінез-құлқыңызды қоршаған ортаға бейімдеңіз және жергілікті әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді құрметтеңіз.

Мұсылман елі ретінде Қатарда ұстануға тиісті белгілі бір мінез-құлық ережелері бар. Негізгі ережелер:

  1. Киім
  • Әйелдер мен ер адамдарға иықтар мен тізелерді жауып тұратын киім кию ұсынылады.
  • Жағажай киімі тек жағажайларда және бассейн аумақтарында ғана рұқсат етіледі.
  • Қоғамдық орындарда мөлдір, тым тар немесе арандататын киім киюден аулақ болыңыз.
  1. Мінез-құлық
  • Қатты даулардан, қорлайтын қимылдардан және дөрекі пікірлерден аулақ болыңыз.
  • Мемлекеттік ғимараттарды, әскери нысандарды және адамдарды олардың келісімінсіз суретке түсіруге тыйым салынады.
  • Мәдени немесе діни маңызы бар жерлерде суретке түсіру кезінде абай болыңыз.
  1. Алкоголь
  • Алкогольді ішуге тек лицензиясы бар орындарда рұқсат етіледі.
  • Қоғамдық орындарда ішімдік ішуге тыйым салынған. Көшеде мас күйінде жүруге тыйым салынады. Бұл айыппұлға немесе депортацияға әкелуі мүмкін.
  1. Діни нормалар
  • Рамазан айында күндіз қоғамдық орындарда тамақ жеуге, ішуге, темекі шегуге, сағыз шайнауға болмайды.
  • Мешіттерге бару тиісті киіммен кіру мүмкін.
  1. Заңдар
  • Үкіметті, дінді немесе жергілікті дәстүрлерді сынау жазаға әкелуі мүмкін.

Осы ережелерді сақтау түсініспеушіліктерді болдырмауға және тұруды ыңғайлы және қауіпсіз етуге көмектеседі.

Пайдалы ақпарат:

  1. Құжаттарды ресімдеу
  • Төлқұжатыңыздың жарамдылық мерзімі келген күннен бастап кемінде 6 ай болатынына көз жеткізіңіз.
  • Өзіңізбен бірге қонақүйді брондау растамасын немесе шақыру және қайтару билетін алыңыз. 
  1. Көлік
  • Қатарда такси және қоғамдық көлік жүйесі жақсы дамыған. Танымал қолданбаларға Karwa, Badrgo және Uber кіреді.
  • Егер сіз көлікті жалға алсаңыз, елде жол қозғалысы ережелері қатаң екенін есте сақтаңыз.
  1. Ақша және төлем
  • Қатардың ақша бірлігі - Қатар риалы (QAR). Көптеген орындар банк карталарын қабылдайды, бірақ кейде қолма-қол ақша қажет болуы мүмкін.
  • Валюта бағамын тексеруді және жеке тұлғалармен валюта айырбастамауды сұраймыз. 
  1. Мобильдік байланыс

Қатарда интернет, қоңыраулар және SMS ұсынатын ыңғайлы туристік SIM карталары бар. Бұл қызметті ұсынатын екі негізгі компания бар: Ooredoo және Vodafone Qatar.

 

SIM картаны қайдан сатып алуға болады:

  • Хамад халықаралық әуежайы («Hamad International Airport»): туристік SIM карталарын Доха халықаралық әуежайына келгеннен кейін бірден сатып алуға болады.
  • Сауда орталықтары мен қала орталықтарындағы Ooredoo және Vodafone ресми дүкендері.
  • Дүңгіршектер мен супермаркеттер.

Жергілікті SIM картаны пайдалану сізге Қатарда болу кезінде үнемді байланыс пен Интернетке тұрақты қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

Қатарға оқуға, жұмысқа немесе тұрақты тұруға барған жағдайда

Құжаттарыңызды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментінде және Қатар Мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Елшілігінде/Қазақстан Республикасының Қатардағы Елшілігінде алдын ала заңдастыру қажет. Бұл ең алдымен білім туралы құжаттар мен АХАТ органдары берген анықтамаларға қатысты болып табылады.

Құжаттарды заңдастыру туралы толық ақпаратты Қазақстанның Қатардағы Елшілігінің www.gov.kz/memleket/entities/mfa-doha сайтында Консулдық мәселелер – Құжаттарды заңдастыру бөлімінде алуға болады.

Консулдық есеп туралы:

Қатарға оқу, жұмыс немесе тұрақты тұру мақсатында келген Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасының Қатардағы Елшілігінде консулдық тіркеуге тұру ұсынылады. Бұл қызмет www.egov.kz электронды үкімет порталында да қолжетімді.

Консулдық есепке тұру Қазақстанға бармай көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді, сондай-ақ болмыш елде әскери іс-қимылдар, жаппай тәртіпсіздіктер немесе табиғи апаттар кезінде эвакуациялауды жеңілдетеді.

Құқық қорғау органдарымен ұсталған жағдайда сіздің іс-әрекетіңіз:

Күтпеген жағдайлар туындаған жағдайда (жергілікті құқық қорғау органдарының ұстауы, басқа адамдардан қорқыту, жол-көлік оқиғалары және т.б.) Қазақстан Республикасының Қатардағы Елшілігінің консулымен кездесуді сұрауға құқығыңыз бар.

Қазақстан Республикасының Қатардағы Елшілігінің консулының қатысуынсыз шет тілінде жазылған хаттамаларға немесе басқа құжаттарға қол қоймаңыз.

Сізге сәтті сапар тілейміз!

 

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары