Қазақстан мен Үндістан әуе қатынастарын қайта ашу мәселесі талқыланды

Қазақстан мен Үндістан әуе қатынастарын қайта ашу мәселесі талқыланды

2020 жылғы 26 тамыз, Нью-Дели қ. – Қазақстанның Үндістандағы Елшісі Ерлан Әлімбаев екі ел арасында әуе қатынастарын қайта ашу перпективаларын талқылау мақсатында Үндістан Үкіметі Азаматтық авиация министрінің орынбасары Прадип Кхароламен кездесті.

Қазақстандық дипломат COVID-19 індетін жұқтырғандар санынының төмендеуіне байланысты 2020 жылғы 17 тамыздан бастап Қазақстанда шектеу шаралары біртіндеп алынып, барлық қоғамдық көлік, оның ішінде өңірлер қатынастары да қайта жанданғаны туралы хабарлады.

Үндістан Авиация министрінің орынбасары үнді тарапы Қазақстанмен әуе рейстерін жандандыру мәселесі пысықталуда екенін жеткізіп, жақын арада нақты шешім қабылданатынын айтты.

Әңгімелесушілер коронавирусқа қарсы барлық талаптарды орындай отырып аталған бастаманың жүзеге асырылуы екі ел арасындағыгуманитарлық, экономикалық және саяси қатынастардың жаңа қарқынмен дамуына қолайлы жағдай туғызатынын атап өтті.