
2020 жылғы 18 тамызда Қазақстанның Үндістандағы Елшісі Ерлан Әлімбаев Үндістанның Аюрведа, йога және натуропатия, унани, сиддха және гомеопатия министрінің орынбасары Прамод Патак және Аюрведа мәселелері жөніндегі кеңесшісі Манодж Несаримен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберінде дәстүрлі медицина мәселелері бойынша жұмыс тобын құру мәселесін талқылап, Қазақстан және Үндістан арасындағы аталған саладағы екіжақты ынтымақтастықты орнату мүмкіндігін қарастырды.
Үнді тарапы дәстүрлі медицинасын денсаулық сақтау жүйесіне енгізу тәжірибесімен бөлісуге және Қазақстандық медицина саласының сарапшыларына арнайы бағдарламалар жасап, жеке тренингтер ұйымдастыруға дайындығын білдірді.