Қазақстан және Үндістан дәрігерлері өз елдеріндегі Covid-19 індетінің таралуына қарсы әрекеттер туралы пікір алмасты

Қазақстан және Үндістан дәрігерлері өз елдеріндегі Covid-19 індетінің таралуына қарсы әрекеттер туралы пікір алмасты

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Вице-министрі Л.Бюрабекова бастаған қазақстандық медицина саласының сарапшылары еліміздің Делидегі Елшілігінің ұйымдастыруымен 2020 жылғы 22 шілдеде Үндістанның жетекші «Меданта» ауруханалар жүйесіМедикалық онкология бөлімінің Төрағасы Ашок Вайд, Анестезиология және күрделі аурулар бөлімінің Төрағасы Ятин Мехта, Әкімшілік-жарақтандыру бөлімінің басшысы Акбер Вани және бірқатар дәрігерлермен бейнебайланыс арқылы консультациялар өткізді.

Қазақстандық тарап елімізде Covid-19 індетіне қарсы қолданып келе жатқан іс-шаралар туралы кеңінен айтып, жақында қабылданған жаңа Хаттаманың мазмұнымен және отандық дәрігерлердің емдеу тәсілдері туралы баяндап берді.

Үнді медиктері өз тәжірибелері, оның ішінде коронавирусқа қарсы Үндістанда қолданып келе жатқан тәсілдер туралы айтып, бірқатар дәрі-дәрмектердің әсері мен пайдасы жайлы ақпаратпен бөлісті.

Екі ел сарапшылары осындай форматтағы консультацияларды алдағы уақытта да жалғастырып тұру туралы уағдаласты.