
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, Қырғызстанның – Чингиз Айдарбеков, Тәжікстанның – Сироджиддин Мухриддин, Түрікменстанның – Рашид Мередов, Өзбекстанның – Абдулазиз Камилов, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео және оның орынбасары Дэвид Хейлдің қатысуымен «С5+1»-дің бейнеконференция форматында жоғары деңгейдегі кезекті кездесуі өтті.
Қатысушылар сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту жолдары мен жоспарларын, COVID-19 пандемиясының таралуы кезіндегі шақыруларға жауап беру бойынша бірлескен күштерді, сондай-ақ Ауғанстанда бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуді қолдау жөніндегі күш-жігерді талқылады.