Чабахар порты бойынша «Орталық Азия және Үндістан» диалогы бірлескен жұмыс тобының бірінші отырысы туралы

Чабахар порты бойынша «Орталық Азия және Үндістан» диалогы бірлескен жұмыс тобының бірінші отырысы туралы

2022 ж. 14 сәуір – Ү.ж. 12-13 сәуірде Мумбай қаласында Үндістан Сыртқы істер министрлігі Чабахар порты (Иран) бойынша «Орталық Азия және Үндістан» диалогы бірлескен жұмыс тобының (БЖТ) бірінші отырысын өткізді. Екі күндік кездесу – өткен жылдың қаңтар айында өткен «Орталық Азия және Үндістан» диалогының бірінші саммитінің Дели декларациясының негізгі нәтижелерінің бірі болып табылады.

Іс-шараға Үндістан, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан, сондай-ақ Ауғанстан, Иран және Біріккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы (UNWFP) өкілдері шақырылған қонақтар ретінде қатысты.

БЖТ барысында қатысушылар Шахид Бехешти (Иран) терминалының дамуымен және Орталық Азия елдерінің Чабахар портын пайдалану мүмкіндіктерімен танысты.