Қазақстан Елшісі «Чабахар порты күні» мен «Солтүстік-Оңтүстік халықаралық көлік дәлізіне» арналған конференцияға қатысты

Қазақстан Елшісі «Чабахар порты күні» мен «Солтүстік-Оңтүстік халықаралық көлік дәлізіне» арналған конференцияға қатысты

2022 жылғы 31 шілде, Мумбаи қаласы – Қазақстан Республикасының Елшісі Нұрлан Жалғасбаев Мумбай қаласында «Чабахар порты күніне» және «Солтүстік-Оңтүстік халықаралық көлік дәлізі» (International North-South Transport Corridor - INSTC) аясында Шахид Бехешти (Чабахар) порты арқылы Үндістанның Орталық Азия нарықтарымен өзара байланысын орнатуға жәрдемдесуге арналған халықаралық конференцияға қатысты. Іс-шараны Үндістан Республикасының Порттар, кеме қатынасы және су жолдары министрлігі ұйымдастырды.

Аталған іс-шараға ҮР Порттар, кеме қатынасы және су жолдары министрі С.Соновал, Порттар, кеме қатынасы және су жолдарының мемлекеттік министрі Ш.Й.Найк, Орталық Азия елдерінің Нью-Делиде аккредиттелген Елшілері, Ауғанстан Премьер-министрі кеңсесінің порт және экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Дж.Эслами және басқалары қатысты.

Өз сөзінде Қазақстан Елшісі Чабахардың INSTC-пен байланысы өңірде сауданы дамытудағы өмірлік маңызды рөлін атқаруы мүмкін екенін, сондай-ақ оның теңізге шыға алмайтын елдердегі дамуын одан әрі ынталандырудағы әлеуетінің бар екенін атап өтті.

Сессия барысында үнді және ирандық тараптар қатысушыларға Шахид Бехешти порты жайлы таныстырылымдар жасап, іскерлік қауымдастық өкілдерімен кездесулерді өткізді.