Қазақстан Елшісі Үндістан Сыртқы істер министрінің орынбасарымен кездесті

Қазақстан Елшісі Үндістан Сыртқы істер министрінің  орынбасарымен  кездесті

2022 ж. 13 сәуір – Қазақстан Республикасының Елшісі Нұрлан Жалғасбаев Үндістан Сыртқы істер министрінің орынбасары Санджай Вермамен кездесті.

Н.Жалғасбаев үнді дипломатын жоғары лауазымға тағайындалуымен құттықтап, жауапты қызметіне сәттілік тіледі.

Сонымен қатар, кездесу аясында әңгімелесушілер екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегі туралы пікір алмасып, оны нығайтудың мүмкін жолдарын талқылады.