Қазақстан мен Үндістан арасындағы фармацевтика саласындағы инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне арналған онлайн-сессиясы

Қазақстан мен Үндістан арасындағы фармацевтика саласындағы инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне арналған онлайн-сессиясы

Нью-Дели, 2021 жылғы 22 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Үндістандағы елшісі Нұрлан Жалғасбаев Қазақстан мен Үндістан арасындағы фармацевтика саласындағы инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне арналған онлайн-сессияда сөз сөйледі. Н.Жалғасбаев Үндістанның әлемдік фармацевтикалық нарықты дамытудағы жоғары жетістіктерін атап, үнді компанияларын қазақстандық кәсіпорындармен белсенді ынтымақтастыққа шақырды.

Іс-шараны Қазақстанның Үндістандағы Елшілігі және "СК-Фармация" ЖШС бірлесіп ұйымдастырып, оның барысында қазақстандық компаниялар үнді компанияларына фармацевтика саласындағы ынтымақтастық бойынша өз ұсыныстарын ұсынды.​