Меню

Страницы

Статья

Үндістанда визаны ұзарту тәртібі туралы

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары,

Қазақстан Республикасының Нью-Дели қаласындағы Елшілігі Үндістан аумағында жүрген Қазақстан Республикасы азаматтарын хабардар етеді.

Үндістанның Сыртқы істер министрлігі хабарламасына сәйкес, Батыс Азия өңіріндегі ағымдағы оқиғаларға байланысты визасын ұзарту немесе Үндістан аумағында болу заңдылығын реттеу қажеттілігі туындаған шетел азаматтарына шетелдіктерді тіркеу жөніндегі өңірлік бөлімшеге (FRRO) жүгіну ұсынылады.

FRRO бөлімшелері Үндістанның Иммиграция бюросы қарамағында жұмыс істейді.

Өңірлік бөлімшелердің байланыс ақпараты ресми сайтта орналастырылған: https://boi.gov.in/

Қазақстан Республикасының азаматтарына Үндістанның көші-қон заңнамасының талаптарын сақтауға және уәкілетті органдарға уақытылы жүгінуге кеңес беріледі.

Нью-Дели
2026 жылғы 1 наурыз

Дата публикации
01 марта 2026
Дата обновления
01 марта 2026
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
10 марта 2026
Шри-Ланкадағы Қазақстан Республикасы Елшілігі консулының байланыс деректері туралы
01 марта 2026
Үндістанда визаны ұзарту тәртібі туралы
06 февраля 2026
IndiGo әуекомпаниясы рейстерінің уақытша тоқтатылуы туралы

Социальные медиа

Embassy of Kazakhstan in India
Embassy of Kazakhstan in India

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары