Қазақстан Республикасы азаматтарының назарына!
Соңғы уақытта қазақстандықтардың Үндістанға спутниктік телефондар мен GPS трекерлерін заңсыз алып кіру оқиғаларына байланысты, Үндістанның Байланыс министрлігінің алдын ала рұқсатынсыз мұндай жабдықты импорттау және пайдалану қамауға алуға, 5000 үнді рупийінен бастап айыппұл салуға және құрылғыны тәркілеуге әкеп соғуы мүмкін екенін еске саламыз.
«Thuraya» және «Iridium» спутниктік телефондарын импорттауға тыйым салынады.