Кім өтінім бере алады?
▪️ ТМД, Грузия, Украина, Моңғолия, Пәкістан, Үндістан, Түркия елдерінің азаматтары.
▪️ Кез келген шет елден келген этникалық қазақтар.
Орын саны:
ТМД, Грузия, Украина елдерінің азаматтығы бар, шетел азаматтары - бакалавриат
бағдарламаларына 100% жеңілдікпен 2 орын, бакалавриат бағдарламаларына 50%
жеңілдікпен 4 орын, магистратура бағдарламаларына 100% жеңілдікпен 2 орын,
магистратура бағдарламаларына 50% жеңілдікпен 4 орын.
Моңғолия, Пәкістан, Үндістан, Түркия азаматтығы бар шетелдік азаматтар (бакалавриат
бағдарламасына 100% жеңілдікпен 2 орын, бакалавриат бағдарламасына 50% жеңілдікпен
4 орын, магистратура бағдарламасына 100% жеңілдікпен 2 орын, магистратура
бағдарламасына 50% жеңілдікпен 4 орын).
Кез келген шет елден келген ұлты қазақ адамдар үшін (бакалавриат бағдарламасына 100%
жеңілдікпен 2 орын, бакалавриат бағдарламасына 50% жеңілдікпен 4 орын, магистратура
бағдарламасына 100% жеңілдікпен 2 орын, магистратура бағдарламасына 50% жеңілдікпен
4 орын).
Конкурс екі кезеңнен тұрады:
1) Құжаттарды тапсыру
2) Қабылдау комиссиясымен сұхбаттасу
Маңызды күндер:
▪️ 1 кезең (құжаттарды тапсыру): 01 наурыз - 01 мамыр аралығында
▪️ 2-ші кезең (сұхбаттасу): 02-31 мамыр аралығында.
1-ші және 2-ші кезеңдерге арналған ақпарат:
1-кезеңде конкурсқа қатысушы https://kbtu.studyspace.kz/ порталында тіркеледі және
қажетті құжаттарды жүктейді.
Бакалавриатта оқуға арналған құжаттар
▪️ Паспорт
▪️ Білімі туралы құжаттар (жалпы білім туралы диплом немесе аттестат)
▪️ 1 ұсыным хат
▪️ Тіл білу сертификаты (IELTS немесе KELET - ҚБТУ ішкі тесті)
▪️ Ағылшын тіліндегі мотивациялық хат (600 сөз)
▪️ Басқа жетістіктер сертификаттары
Магистратурада оқуға арналған құжаттар
▪️ Паспорт
▪️ Білімі туралы құжаттар (бакалавр дипломы және транскрипт)
▪️ 2 ұсынымдық хат (кем дегенде бір академиялық)
▪️ Тіл білу сертификаты (IELTS немесе KELET - ҚБТУ ішкі тесті)
▪️ Ағылшын тіліндегі мотивациялық хат (600 сөз)
▪️ Басқа жетістіктер сертификаттары
2 кезеңде, бірінші кезеңнен табысты өткен қатысушы қабылдау комиссиясымен онлайн
сұхбаттасудан өтеді.
Әңгімелесудің күні мен уақыты қатысушының электрондық поштасына жіберіледі.
Қосымша ақпарат: Study.international@kbtu.kz