Үндістанның техникалық-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы (ITEC) аясында 1200-ден астам қазақстандық маман түрлі бағыттар бойынша үнді жоғары оқу орындарында біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
2020 ж. 27 қазанда ғарыш саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Үндістан Бірлескен жұмыс тобының бірінші отырысы өтті.
2020 ж. 10 қарашада онлайн форматта қазақстандық және үнділік АТ-компаниялардың «В2В» кездесуі өтті.
2020 ж. 17 қарашада ҚР СІМ мен ҮР СІМ арасында Үндістан тарапының жылдам қайтару жобаларына гранттар бөлу туралы меморандумға қол қойылды.
2021 ж. 8 желтоқсанда қазақстандық және үнділік АТ-компаниялардың және жауапты мемлекеттік органдардың (ҚР ЦДИАӨМ) қатысуымен онлайн-кездесу өтті, 2021 ж. 22 желтоқсанда – осындай кездесу фармацевтика саласында (ҚР – дан – «СҚ-Фармация» АҚ СК және ҚР ДСМ) орын алды.
2022 ж. 2 маусымда Нью-Дели қаласындағы «Сан Мартин» саябағында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Б.Сұлтанов пен ҮР Мемлекеттік сыртқы істер және мәдениет министрі М.Лекхи салтанатты түрде А.Құнанбайұлының бюстін ашты.
2022 ж. 9-16 наурыз аралығында ҚР мен ҮР арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуын мерекелеу аясында Үндістанның әр түрлі қалаларында ҚР Еңбек сіңірген әртісі А.Қайназарованың жетекшілігімен «Үнді классикалық би және йога орталығы» ансамблінің мерекелік концерттері өтті.
2022 ж. 6 қыркүйекте «СҚ-Фармация» АҚ басшылығы мен «Concept Pharmaceuticals Ltd» үнді фармацевтикалық компаниясының төрағасы арасында онлайн-келіссөздер өтіп, тараптар ҚР аумағында үндістандық дәрілік заттар өндірісін жолға қою перспективаларын талқылады.
2022 ж. 21 қыркүйекте «Astana Hub» халықаралық тех-стартаптар технопаркі мен Телангана штатындағы Хайдарабад қаласында орналасқан «T-Hub» үндістандық инновациялық делдал және бизнес-инкубаторы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
2022 ж. 17-23 қарашада Нью-Дели қаласында «Орталық Азия-Үндістан» диалогы шеңберінде Орталық Азия мемлекеттерінің түрлі салаларындағы белсенді жастарына арналған «Жастар форумы» өткізілді.
2022 ж. 5-16 желтоқсанда Нью-Дели қаласында «Орталық Азия-Үндістан» диалогы аясында Орталық Азия мемлекеттерінің жас дипломаттарына арналған арнайы курстар өтті (ҚР СІМ-ден 5 дипломат қатысты).
Қазақстан мен Үндістан арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты іс-шаралар шеңберінде 2022 ж. 8 желтоқсанда Үндістанның танымал ойын – сауық индустриясы орталығы – «Marwah Studios Complex»-те (Нойда қаласы, Уттар-Прадеш штаты) режиссер Н.Садығұловтың «Балуан Шолақ» және 2022 ж. 10 желтоқсанда Хайдарабад қаласында (Телангана штаты) режиссер А.Сатаевтың «Жаужүрек мың бала» көркем фильмдерінің көрсетілімдері өтті.
2023 ж. 27-31 қаңтарда Мумбай қаласында (Махараштра штаты) Үндістанның ШЫҰ-ға төрағалығы шеңберінде «ШЫҰ кинофестивалі» өтті, оған қазылар алқасының мүшесі ретінде Д.Құдайберген шақырылды.
2023 ж. 30-31 қаңтарда Қазақстанның Үндістандағы Елшілігі «Үндістан-Орталық Азия: тарихи, мәдени, саяси және экономикалық байланыстар» тақырыбында өткен «Himalaya Hind Mahasagar Rashtra Samuh» 3-ші халықаралық конференциясының жұмысына қатысты.
2023 ж. 17 ақпанда Нойда қаласындағы «Marwah Studios Complex»-те Қазақстандағы қаңтар оқиғаларына арналған «January Events: Facts and Arguments» деректі фильмінің көрсетілімі өтті.
2023 ж. 19 ақпанда Үндістандағы ҚР Елшісі Н.Жалғасбаев Фаридабад қаласында (Харьяна штаты) өткен 36-шы «Surajkund Mela» халықаралық қолөнершілер фестиваліне қатысты. Сонымен қатар, іс-шараға Ү.Ыбырай ат. Ақмола облыстық филармониясы «Айнакөл» фольклорлық ансамблі қатысып, жергілікті аудиторияға қазақ музыкасын көрсетті.
2023 ж. 15 наурызда Нью-Дели қаласында «Сахития академиясы» үнді әдеби институтының қабырғасында Қазақстан мен Үндістан жазушыларының «Indo-Kazakh Writers' Meet» кездесуі өтті. Қазақстандық делегацияны Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы, ақын Ө.Есдәулет бастаған бес жазушы қатысты.
2023 ж. 12-13 сәуірде құрамында М.Әуезов ат. әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкерлері Е.Хуатбекұлы мен А.Ахметова бар Қазақстан делегациясы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің жас жазушылар конференциясының жұмысына қатысты.
2023 ж. 18-20 қазанда Нью-Делиде К.Әзербаев ат. Жамбыл облыстық филармониясының «Ақ кербез» би ансамблі 9-шы Үнді халықаралық би және музыка фестиваліне қатысты.
2023 ж. 20-30 қарашада Астана қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры Шиллонг, Гувахати, Ахмедабад, Мумбай және Нью-Дели қалаларында өткен халықаралық фольклорлық фестивальге қатысты.