Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Сауда-экономикалық ынтымақтастық

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

Қазақстан мен Үндістан арасындағы тауар айналымы 2023 жылдың қорытындысы бойынша 1 029,9 млрд АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 58%-ға аз. Өзара сауда көрсеткіштерінің төмендеуі, ең алдымен, Үндістанға қазақстандық шикі мұнай экспортының төмендеуіне байланысты.

2024 жылдың қаңтар-наурыз айларында өзара сауда 318,5 млн АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,9%-ға төмен (331,5 млн АҚШ доллары).

ҚР-да үнді капиталының қатысуымен 396-ға жуық заңды тұлға тіркелген. 

Қазіргі уақытта Қазақстанда Үндістан компанияларының қатысуымен жалпы сомасы 752,3 млн. АҚШ доллары көлемінде 21 әлеуетті инвестициялық жоба пысықталуда. Үнді капиталының қатысуымен ҚР-да 2 жоба іске асырылды: «SUN Group» - «AltynEx Company» АҚ-да алтын өндіру жобасына қатысу (50,1%); «CG Corp» - тез дайындалатын кеспе өндіру зауыты. 

Қазақстан-Үндістан үкіметаралық комиссиясының 14 отырысы өткізілді (ҮАК-тың 14-отырысы: 2022 ж. 3 маусымда Нью-Делиде). ҮАК-тың қазақстандық бөлігі үшін ҚР Сауда және интеграция министрлігі, Үндістан үшін – ҮР Мұнай және табиғи газ министрлігі жауапты болып табылады.

Қазақстан-Үндістан 7 Бірлескен жұмыс тобы жұмыс істейді: сауда-экономикалық ынтымақтастық, ақпараттық технологиялар, әскери-техникалық ынтымақтастық, тоқыма саласын дамыту, көлік және логистика, ғарыш саласындағы ынтымақтастық.

ҮР СІМ басшылығымен және ҮР Атом энергиясы департаментімен өткізілген кездесулердің нәтижесінде 2019 ж. желтоқсанда үнді нарығына 1 мың тонна уран жеткізуге қысқа мерзімді келісімшартқа қол қойылды.

2019 ж. 18 желтоқсанда АХҚО қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (AFSA) және Үндістанның бағалы қағаздар және биржалар Кеңесі (SEBI) өзара ынтымақтастық пен техникалық көмек орнату үшін Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

2020 ж. 10 қыркүйекте бейнеконференцбайланыс форматында сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Үндістан Бірлескен жұмыс тобының 7-ші отырысы өтті, оның қорытындысы бойынша Хаттамаға қол қойылды.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Embassy of Kazakhstan in India
Embassy of Kazakhstan in India

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары