Дипломатиялық қатынастар 1992 ж. 22 ақпанда орнатылды.
1993 ж. қарашада Қазақстан Республикасының Нью-Делидегі Елшілігі ашылды. 2021 ж. мамырдан бастап Елші - Нұрлан Жалғасбаев (сенім грамоталарын тапсыру - 2021 ж. 7 шілде).
1993 ж. қазанда ҚР-да Үндістан Республикасының Елшілігі ашылды. 2007 ж. қарашада Елшілік Астанаға көшірілгеннен кейін Алматыда консулдық пункт жұмыс істейді. 2023 ж. маусымнан бастап Елші - Т.В. Нагендра Прасад (сенім грамоталарын тапсыру – 2023 ж. 6 қазан).
Саяси ынтымақтастық
ҚР бұрынғы Президенті Н.Назарбаев 1992 ж. ақпанда, 1996 ж. желтоқсанда және 2002 ж. ақпанда Үндістанға ресми сапарлар шеңберінде, сондай-ақ 2009 ж. 23-26 қаңтарда Республика күнінің құрметті қонағы ретінде мемлекеттік сапармен барды (екіжақты қатынастар стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілді).
Қазақстанға орын алған сапарлар: ҮР Премьер-министрі Н.Рао (1993 ж. мамыр), ҮР Вице-президенті К.Нараянан (1996 ж. қыркүйек), ҮР Премьер-министрі А.Ваджпайи (2002 ж. шілде, АӨСШК-нің 1-саммитіне қатысу шеңберінде), ҮР Вице-президенті М.Х.Ансари (2008 ж. сәуір), ҮР Премьер-министрі М.Сингх (2011 ж. сәуір) және ҮР Премьер-министрі Н.Моди (2015 ж.7-8 шілде).
2022 ж. 27 қаңтарда бейнеконференция форматында «Орталық Азия – Үндістан» 1-ші саммиті өтіп, оның барысында ҚР Президенті Қ.Тоқаев Қазақстанның Үндістанмен стратегиялық серіктестікті тереңдетуге бейілділігін растады.
2023 ж. 13 қаңтарда ҚР Президенті Қ.Тоқаев ҮР Премьер-министрі Н.Модидің шақыруымен Үндістан тарапының G20-ға төрағалығы шеңберінде бастамашылық еткен «Жаһандық Оңтүстік дауысы» онлайн-саммитіне қатысты.
2023 ж. 4 шілдеде Мемлекет басшысы Үндістан тарапы ұйымдастырған ШЫҰ саммитіне бейнеконференция форматында қатысты.
Сыртқы саяси ведомстволар деңгейінде Үндістанға ресми сапарлармен ҚР Премьер-министрдің орынбасары - Сыртқы істер министрі Қ.Тоқаев (1999 ж. тамыз) және ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов (2013 ж. 3-5 наурыз) келді.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі М.Тілеуберді үндістандық әріптесі С.Джайшанкармен 2019 ж. 25 қыркүйекте Нью-Йоркте (БҰҰ БА); 2020 ж. 10 қыркүйекте Мәскеуде (ШЫҰ СІМК); 2021 ж. 30 наурызда Душанбеде («Азия жүрегі» Ыстанбұл үдересінің СІМК); 2021 ж. 15 шілдеде Ташкентте өткен «Орталық және Оңтүстік Азия: өңірлік өзара байланыс. Сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» халықаралық конференциясы аясында; 2021 ж. 18-19 желтоқсанда Нью-Делиде («Орталық Азия-Үндістан» диалогының 3-ші СІМК); 2022 ж. 29 шілдеде Ташкентте (ШЫҰ СІМК) екіжақты кездесулер өткізді.
ҚР Премьер-министрінің орынбасары-Сыртқы істер министрі М.Нұртілеу ШЫҰ СІМК (Панаджи қ., Гоа) қатысу шеңберінде 2023 ж. 5 мамырда ҮР Сыртқы істер министрі С.Джайшанкармен келіссөздер жүргізді. 2023 ж. 17 қарашада М. Нұртілеу С.Джайшанкардың шақыруымен «Жаһандық Оңтүстіктің дауысының» 2-ші онлайн-саммитіне қатысты.
Қазақстанда ҮР СІМ басшылары С.М. Кришна (2010 ж. 11-13 мамыр), С.Хуршид (2013 ж. сәуір, Алматыдағы «Азия жүрегі» Ыстанбұл үдересінің СІМК-ге қатысу), С.Сварадж (2018 ж. 2-4 тамыз), С.Джайшанкар (2021 ж. 11-12 қазан, АӨСШК 6-шы министрлік кездесуіне қатысу) болып қайтты. 2021 ж.12 қазанда С.Джайшанкарды ҚР Президенті Қ.Тоқаев қабылдады.
2019 ж. 11-12 қарашада Нұр-Сұлтанда Үндістанның мемлекеттік Сыртқы істер министрі В.Муралидхаран «Astana Club» диалогының 5-ші отырысына қатысты.
2022 ж. 12-13 қазанда АӨСШК-нің 6-шы саммитіне қатысу үшін ҮР Мемлекеттік сыртқы істер және мәдениет министрі М.Лекхидің Астанаға сапары өтті.
ҚР-Үндістан СІМ-аралық консультациялардың 8 раунды өткізілді, соңғысы - 2023 ж. 13 ақпанда Нью-Делиде (қазақстандық делегацияны Министрдің орынбасары Қ.Тумыш басқарды).
2009 ж. 5-6 қарашада Астанада Қазақстан-Үндістан консулдық мәселелер бойынша консультациялардың 1-ші раунды өтті.
2022 ж. 26-28 сәуірде АӨСШК Хатшылығының Атқарушы директоры Қ.Сарыбай Нью-Дели қаласында болып, ҮР Мемлекеттік сыртқы істер және мәдениет министрі М.Лекхи, ҮР Сыртқы істер министрінің орынбасары С.Верма және ҮР СІМ Қарусыздану және халықаралық қауіпсіздік жөніндегі Бас директоры С.Арьямен кездесулер өткізді. Қ.Сарыбай, АӨСШК Бас хатшысы дәрежесінде, 2023 ж. 22-23 мамырда Нью-Делиде болып, ҮР Мемлекеттік сыртқы істер және білім министрі Р.Р.Сингхпен, ҮР Сыртқы істер министрінің орынбасары С.Вермамен және ҮР СІМ Қарусыздану және халықаралық қауіпсіздік жөніндегі Бас директоры М.Сайявимен кездесулер өткізді.
2022 ж. 6 желтоқсанда Нью-Делиде ҚР Президентінің көмекшісі - ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғ.Нұрдәулетов «Орталық Азия-Үндістан» диалогы Қауіпсіздік кеңестері хатшылары/Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшілердің 1-ші кездесуіне қатысты. 2023 ж. 29 наурызда Нью-Делиде ол ШЫҰ Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының 18-ші кездесуіне қатысты. 2023 ж. 17 қазанда ҮР Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі А.Довал Астанада өткен «Орталық Азия-Үндістан» диалогы Қауіпсіздік кеңестері хатшылары/Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшілердің 2-ші кездесуіне қатысты.
Үндістанның ШЫҰ-ға төрағалық ету кезеңіндегі түрлі іс-шараларға қатысу шеңберінде Нью-Делиге ҚР Төтенше жағдайлар министрі Ю.Ильин (2023 ж. 20 сәуір), ҚР Қорғаныс министрі Р.Жақсылықов (2023 ж. 27-28 сәуір) және ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы А.Мерғалиев (2023 ж. 10-12 наурыз) келіп кетті.
2023 ж. 3 тамызда Астанада ҚР-Үндістан Қауіпсіздік кеңестері хатшылары орынбасарларының кезекті кездесуі өтті (үнді тарапынан ҮР Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісінің орынбасары В.Мисри қатысты).
Сауда-экономикалық ынтымақтастық
Қазақстан мен Үндістан арасындағы тауар айналымы 2023 жылдың қорытындысы бойынша 1 029,9 млрд АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 58%-ға аз. Өзара сауда көрсеткіштерінің төмендеуі, ең алдымен, Үндістанға қазақстандық шикі мұнай экспортының төмендеуіне байланысты.
2024 жылдың қаңтар-наурыз айларында өзара сауда 318,5 млн АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,9%-ға төмен (331,5 млн АҚШ доллары).
ҚР-да үнді капиталының қатысуымен 396-ға жуық заңды тұлға тіркелген.
Қазіргі уақытта Қазақстанда Үндістан компанияларының қатысуымен жалпы сомасы 752,3 млн. АҚШ доллары көлемінде 21 әлеуетті инвестициялық жоба пысықталуда. Үнді капиталының қатысуымен ҚР-да 2 жоба іске асырылды: «SUN Group» - «AltynEx Company» АҚ-да алтын өндіру жобасына қатысу (50,1%); «CG Corp» - тез дайындалатын кеспе өндіру зауыты.
Қазақстан-Үндістан үкіметаралық комиссиясының 14 отырысы өткізілді (ҮАК-тың 14-отырысы: 2022 ж. 3 маусымда Нью-Делиде). ҮАК-тың қазақстандық бөлігі үшін ҚР Сауда және интеграция министрлігі, Үндістан үшін – ҮР Мұнай және табиғи газ министрлігі жауапты болып табылады.
Қазақстан-Үндістан 7 Бірлескен жұмыс тобы жұмыс істейді: сауда-экономикалық ынтымақтастық, ақпараттық технологиялар, әскери-техникалық ынтымақтастық, тоқыма саласын дамыту, көлік және логистика, ғарыш саласындағы ынтымақтастық.
ҮР СІМ басшылығымен және ҮР Атом энергиясы департаментімен өткізілген кездесулердің нәтижесінде 2019 ж. желтоқсанда үнді нарығына 1 мың тонна уран жеткізуге қысқа мерзімді келісімшартқа қол қойылды.
2019 ж. 18 желтоқсанда АХҚО қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (AFSA) және Үндістанның бағалы қағаздар және биржалар Кеңесі (SEBI) өзара ынтымақтастық пен техникалық көмек орнату үшін Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
2020 ж. 10 қыркүйекте бейнеконференцбайланыс форматында сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Үндістан Бірлескен жұмыс тобының 7-ші отырысы өтті, оның қорытындысы бойынша Хаттамаға қол қойылды.
Парламентаралық ынтымақтастық
2011 ж. 13 қазанда ҚР және ҮР парламенттері арасында екі ел парламенттерінің төменгі және жоғарғы палаталарының депутаттары құрамында Достық тобы құрылды.
2013 ж. 10-11 мамырда ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы М.Әшімбаев бастаған қазақстандық депутаттар тобының Үндістанға сапары өтті.
2019 ж. 23-24 қыркүйекте ҮР Парламенті жоғарғы палатасы (Раджья Сабха) төрағасының орынбасары Х. Нараян Сингх Нұр-Сұлтанда өткен Еуразия елдері Парламенттері спикерлерінің IV кеңесіне қатысты.
Әскери-техникалық ынтымақтастық
2018 ж. 3-4 қазанда ҮР Қорғаныс министрі Н.Ситараманның Қазақстанға сапары барысында ҚР ҚМ, ҚР СІМ және ҚР ҚАҒӨ басшылығымен кездесулері өткізілді. UNIFIL құрамында бітімгершілік контингентті бірлесіп өрістетудің салтанатты рәсімі өтті (2023 ж. 14 қарашада 6 адамнан тұратын қазақстандық контингенттің 10-шы ротациясы өтті).
2021 ж. 7-9 сәуірде ҚР Қорғаныс министрі Н.Ермекбаевтің Үндістанға жұмыс сапары өтіп, үнді әріптесі Р.Сингхпен және ҮР Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісі А.Довалмен кездесулері өтті.
2021 ж. 2-10 қыркүйекте Жамбыл облысындағы «Айша-бибі» полигонында 5-ші бірлескен «KazInd-2022» Қазақстан-Үндістан оқу-жаттығуы өтті. 6-шы «KazInd-2022» жаттығулары 2022 ж. 15-28 желтоқсанда Мегалая штатында (ҚР-дан 90 әскери қызметші қатысты), ал 7-ші «KazInd-2022» жаттығулар - 2023 ж. 30 қазан – 11 қараша аралығында ҚР ҚК «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің «Матибұлақ» полигонында орын алды.
2022 ж. 18-21 қазанда ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Р.Шпекбаев бастаған қазақстандық делегация Гандинагар қ. (Гуджарат штаты) өткен «DefExpo-2022» әскери техника мен қару-жарақтың 12-ші халықаралық көрмесіне қатысты.
2022 ж. 4-7 желтоқсанда Нью-Делиде Қорғаныс және әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Үндістан бірлескен жұмыс тобының (БЖТ) 6-шы отырысы өтті. 2023 ж. 21-23 қарашада Бангалор қ. (Карнатака штаты) аталған БЖТ-нің 7-ші отырысы өтті.
2022 ж. 4-31 желтоқсан аралығында Вайренгте елді мекенінде (Мизорам штаты) Қазақстан және Үндістан ҚК арнайы мақсаттағы топтарының оқу-жаттығуы өтті (Қазақстан тарапынан 13 әскери қызметші қатысты).
2023 ж. 12-15 ақпанда ҚР ҚК делегациясы «AeroIndia-2023» халықаралық көрмесіне қатысу және Үндістанның қорғаныс-өнеркәсіптік кешендерінің өнімдерімен танысу үшін Бангалорда болып қайтты.
2023 ж. 23 сәуір - 6 мамыр аралығында Вайренгте елді мекенінде ҚР ҚК әскери қызметшілері жанжалдың қарқындылығын төмендету жөніндегі операциялар бойынша бірлескен оқу-жаттығуларға қатысты.
Ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық
Үндістанның техникалық-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы (ITEC) аясында 1200-ден астам қазақстандық маман түрлі бағыттар бойынша үнді жоғары оқу орындарында біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
2020 ж. 27 қазанда ғарыш саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Үндістан Бірлескен жұмыс тобының бірінші отырысы өтті.
2020 ж. 10 қарашада онлайн форматта қазақстандық және үнділік АТ-компаниялардың «В2В» кездесуі өтті.
2020 ж. 17 қарашада ҚР СІМ мен ҮР СІМ арасында Үндістан тарапының жылдам қайтару жобаларына гранттар бөлу туралы меморандумға қол қойылды.
2021 ж. 8 желтоқсанда қазақстандық және үнділік АТ-компаниялардың және жауапты мемлекеттік органдардың (ҚР ЦДИАӨМ) қатысуымен онлайн-кездесу өтті, 2021 ж. 22 желтоқсанда – осындай кездесу фармацевтика саласында (ҚР – дан – «СҚ-Фармация» АҚ СК және ҚР ДСМ) орын алды.
2022 ж. 2 маусымда Нью-Дели қаласындағы «Сан Мартин» саябағында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Б.Сұлтанов пен ҮР Мемлекеттік сыртқы істер және мәдениет министрі М.Лекхи салтанатты түрде А.Құнанбайұлының бюстін ашты.
2022 ж. 9-16 наурыз аралығында ҚР мен ҮР арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуын мерекелеу аясында Үндістанның әр түрлі қалаларында ҚР Еңбек сіңірген әртісі А.Қайназарованың жетекшілігімен «Үнді классикалық би және йога орталығы» ансамблінің мерекелік концерттері өтті.
2022 ж. 6 қыркүйекте «СҚ-Фармация» АҚ басшылығы мен «Concept Pharmaceuticals Ltd» үнді фармацевтикалық компаниясының төрағасы арасында онлайн-келіссөздер өтіп, тараптар ҚР аумағында үндістандық дәрілік заттар өндірісін жолға қою перспективаларын талқылады.
2022 ж. 21 қыркүйекте «Astana Hub» халықаралық тех-стартаптар технопаркі мен Телангана штатындағы Хайдарабад қаласында орналасқан «T-Hub» үндістандық инновациялық делдал және бизнес-инкубаторы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
2022 ж. 17-23 қарашада Нью-Дели қаласында «Орталық Азия-Үндістан» диалогы шеңберінде Орталық Азия мемлекеттерінің түрлі салаларындағы белсенді жастарына арналған «Жастар форумы» өткізілді.
2022 ж. 5-16 желтоқсанда Нью-Дели қаласында «Орталық Азия-Үндістан» диалогы аясында Орталық Азия мемлекеттерінің жас дипломаттарына арналған арнайы курстар өтті (ҚР СІМ-ден 5 дипломат қатысты).
Қазақстан мен Үндістан арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты іс-шаралар шеңберінде 2022 ж. 8 желтоқсанда Үндістанның танымал ойын – сауық индустриясы орталығы – «Marwah Studios Complex»-те (Нойда қаласы, Уттар-Прадеш штаты) режиссер Н.Садығұловтың «Балуан Шолақ» және 2022 ж. 10 желтоқсанда Хайдарабад қаласында (Телангана штаты) режиссер А.Сатаевтың «Жаужүрек мың бала» көркем фильмдерінің көрсетілімдері өтті.
2023 ж. 27-31 қаңтарда Мумбай қаласында (Махараштра штаты) Үндістанның ШЫҰ-ға төрағалығы шеңберінде «ШЫҰ кинофестивалі» өтті, оған қазылар алқасының мүшесі ретінде Д.Құдайберген шақырылды.
2023 ж. 30-31 қаңтарда Қазақстанның Үндістандағы Елшілігі «Үндістан-Орталық Азия: тарихи, мәдени, саяси және экономикалық байланыстар» тақырыбында өткен «Himalaya Hind Mahasagar Rashtra Samuh» 3-ші халықаралық конференциясының жұмысына қатысты.
2023 ж. 17 ақпанда Нойда қаласындағы «Marwah Studios Complex»-те Қазақстандағы қаңтар оқиғаларына арналған «January Events: Facts and Arguments» деректі фильмінің көрсетілімі өтті.
2023 ж. 19 ақпанда Үндістандағы ҚР Елшісі Н.Жалғасбаев Фаридабад қаласында (Харьяна штаты) өткен 36-шы «Surajkund Mela» халықаралық қолөнершілер фестиваліне қатысты. Сонымен қатар, іс-шараға Ү.Ыбырай ат. Ақмола облыстық филармониясы «Айнакөл» фольклорлық ансамблі қатысып, жергілікті аудиторияға қазақ музыкасын көрсетті.
2023 ж. 15 наурызда Нью-Дели қаласында «Сахития академиясы» үнді әдеби институтының қабырғасында Қазақстан мен Үндістан жазушыларының «Indo-Kazakh Writers' Meet» кездесуі өтті. Қазақстандық делегацияны Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы, ақын Ө.Есдәулет бастаған бес жазушы қатысты.
2023 ж. 12-13 сәуірде құрамында М.Әуезов ат. әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкерлері Е.Хуатбекұлы мен А.Ахметова бар Қазақстан делегациясы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің жас жазушылар конференциясының жұмысына қатысты.
2023 ж. 18-20 қазанда Нью-Делиде К.Әзербаев ат. Жамбыл облыстық филармониясының «Ақ кербез» би ансамблі 9-шы Үнді халықаралық би және музыка фестиваліне қатысты.
2023 ж. 20-30 қарашада Астана қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры Шиллонг, Гувахати, Ахмедабад, Мумбай және Нью-Дели қалаларында өткен халықаралық фольклорлық фестивальге қатысты.