GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Консулдық мәселелер
Екіжақты ынтымақтастық
Консулдық туралы
Байланыс ақпарат
Все материалы
16 июня 2025
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесі

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыс өңіріндегі қауіпті әскери шиеленіске байланысты өз алаңдаушылығын білдіреді және қақтығысты БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқық нормаларына сәйкес тек саяси-дипломатиялық жолмен тез арада реттеуді құптайды.

Қатысушы тараптарды барынша ұстамды болуға шақырамыз.

06 декабря 2024
Қазақстан азаматтарының назарына

Қазақстан Республикасының Сирия Араб республикасындағы Консулдығы Сирияда соңғы күндері қалыптасып отырған ахуалды ыждахатпен бақылауда. Консулдық Сирияның жергілікті мемлекеттік құзыретті органдарымен тығыз байланыста. Сириядағы жағдай күннен күнге ушығып барады. Осыған орай Консулдық Сириядағы, әсіресе елдің солтүстік-батысындағы Қазақстан азаматтарын сақтық шараларын мейлінше сақтауға шақырады. Консулдық ҚР азаматтарына шұғыл көмек керек болған жағдайда тиісті қолдау көрсетуге әзірлігін білдіреді. Сонымен қатар, Сириядағы жағдай реттелгенше елден кете тұрудың қисындылығына мән береді.

Консулдықтың байланыс құралдары:

Телефон: +963 943 333 319

WhansApp: +963 943 333 319

05 ноября 2024
САР Сыртқы істер және экспатрианттар министрлігінде Протокол департаментінің Басшысы Сафуан Баракатпен кездесу туралы

2024 жылдың 4 қарашасында САР Сыртқы істер және экспатрианттар министрлігінде Протокол департаментінің Басшысы Сафуан Баракатпен кездесу өтті.

Кездесу барысында екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен оны ілгерілету мәселелері талқыланды.

05 ноября 2024
САР Сыртқы істер және экспатрианттар министрлігінде Халықаралық ұйымдар және конференциялар департаментінің директоры Мұхаммед Анфуан Әл-Найебпен кездесу туралы

Консулдықтың бастамасымен 2024 жылдың 4  қарашасында САР Сыртқы істер және экспатрианттар министрлігінде Халықаралық ұйымдар және конференциялар департаментінің директоры Мұхаммед Анфуан Әл-Найебпен кездесу өтті.

Кездесу барысында Қазақстанның Атом энергиясы жөніндегі халықаралық ұйымның (АЭХА) Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия өңірлік тобына (MESA) қосылуына сирияның қолдау көрсету мәселесі талқыланды.

05 ноября 2024
Сирия Сыртқы істер және экспатрианттар министрлігінде Консулдық және экспатрианттар департаментінің директоры Мұстафа Диабпен кездесу туралы

Консулдықтың бастамасымен 2024 жылдың 15 қазанында САР Сыртқы істер және экспатрианттар министрлігінде Консулдық және экспатрианттар департаментінің директоры Мұстафа Диабпен кездесу болды.

Сұхбат барысында екі ел арасындағы қарым-қатынастардың, оның ішінде консулдық мәселелерге қатысты тақырыптар қозғалды.

05 ноября 2024
САР Сыртқы істер және экспатрианттар министрлігінде Протокол департаментінің директоры Сафуан Баракатпен кездесу туралы

Консулдықтың бастамасымен 2024 жылдың 15 қазанында САР Сыртқы істер және экспатрианттар министрлігінде Протокол департаментінің директоры Сафуан Баракатпен кездесу өтті. Кездесу барысында екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен оны ілгерілету мәселелері талқыланды. Оның ішінде, Дамаскі қаласында орналасқан Әл-Фараби орталығына қатысты келісім мен протокол жобаларына қол қою үшін оны қарастыруды жылдамдату пысықталды.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары