Мысыр аймағында тұрып жатқан Қазақстан азаматтарының назарына

Мысыр аймағында тұрып жатқан Қазақстан азаматтарының назарына

Мысыр Араб Республикасының Сыртқы істер министрлігі Мысырда  тіркелген барлық дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық және аймақтық ұйымдардың коронавирус пандемиясына қарсы іс-қимыл аясында белгіленген ұлттық сақтық шараларын ұстану қажеттілігі туралы хабарлайды. Шара барлық азаматтардың, оның ішінде шетелдіктердің де медициналық маска кию мен әлеуметтік арақашықтықты сақтау міндетін талап етеді. ҚР-ның Каирдегі Елшілігі қазақстандықтарды Мысыр тарапының  ұсынымдарын ұстануға шақырады. Барлық қатерлер Сіздерден айналып өтсін.