Каир, 2025 жылғы 17 ақпан – Қазақстанның Каирдегі Елшісі Асқар Жеңіс Мысырдың Уақыфтар министрі Усама әл-Азхаримен кездесіп, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының Басшысы М.Әшімбаевтың 2025 ж. 17-18 қыркүйекте Астана қаласында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VIIІ Съезіне шақыру хатын табыс етті.
Министр У.әл-Азхари «Діндер диалогы: болашақ жолындағы синергия» тақырыбында Астанада өтетін VIII Съезге шақыруды зор қошеметпен қабыл алғандығын айта келе, бұл іс-шараның жаһандық дінаралық диалогқа қосып келе жатқан үлесінің орасан зор екендігін мәлімдеді.
А.Жеңіс Мысыр елінің өкілдері Съездің және оның Хатшылығының отырыстарына тұрақты қатысып, Съездің мазмұнды толықтырылуына және оның қорытынды құжаттарын дайындауға үлкен үлес қосып келе жатқандығын атап өтті. Сондай-ақ, бауырлас елдердің арасында діни және рухани саладағы ынтымақтастығы жоғары деңгейде қалыптасқандығын мәлім етті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетін, Қазақстан имамдарының Әл-Азхарда біліктілігін арттыру мәселесін және т.б. рухани гуманитарлық салалардағы байланыстарды бірлесіп дамытуға келісті.