
Каир, Мысыр, 2025 жылғы 21 қаңтар - Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы жаңа Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Жеңісұлы Жеңіс Мысыр Араб Республикасының Сыртқы істер, эмиграция және шетелдегі мысырлықтар істері жөніндегі министрінің Протокол мәселелері жөніндегі орынбасары Елші Хайсам Салахпен кездесіп, сенім грамоталарының көшірмесін табыс етті. Осылайша, жаңа Елші қызметіне ресми түрде кіріскен болатын.