Мысыр Жоғарғы конституциялық сотының төрағасы Қазақстан халқын Конституцияның 25 жылдығымен құттықтады

Мысыр Жоғарғы конституциялық сотының төрағасы Қазақстан халқын Конституцияның 25 жылдығымен құттықтады

Қазақстанның Мысырдағы Елшісі А.Исағалиев Мысыр Жоғарғы конституциялық сотының төрағасы Саид Мараимен кездесіп, екі ел арасында сот саласындағы ынтымақтастықты нығайту жолдарын талқылады.

         С.Мараи екі ведомство арасындағы әрекеттестікке жаңа серпін берген Қазақстан Конституциялық Кеңесінің Төрағасы Қ.Мәмидің 2019 жылғы қазандағы Мысырға сапарының қорытындыларына жоғары баға берді. Әлемде тараған коронавирус пандемиясы салдарынан биылғы жылға жоспарланған Нұр-Сұлтанға сапарын кейінге қалдырғанын өкінішпен айтты.

         Сот Төрағасы Қазақстан халқын Конституцияның 25 жылдық мерейтойымен құттықтай отырып, елімізге бейбіт өмір, тұрақтылық пен құт-береке тіледі.

 

         Анықтама: Мысырдың Конституциясына сәйкес, Мысыр Жоғарғы конституциялық сотының төрағасы Президенттен кейінгі екінші мемлекеттік тұлға болып есептеледі.