Мысырдың жаңадан тағайындалған Жоғары білім және ғылыми зерттеулер министрі Қазақстанның мүдделі тараптарымен ғылыми жобаларды бірігіп ат салысуға мүдделі

Мысырдың жаңадан тағайындалған Жоғары білім және ғылыми зерттеулер министрі Қазақстанның мүдделі тараптарымен ғылыми жобаларды бірігіп ат салысуға мүдделі

Каир, 2024 жылғы 29 қазан – Қазақстанның Мысырдағы Елшісі Қайрат Лама Шариф Мысырдың Жоғары білім және ғылыми зерттеулер министрі доктор Мұхаммед Айман Ашурмен кездесіп, Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің құттықтау хатын табыс етті.

Кездесу барысында екі елдің ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастығын одан әрі дамыту перспективалары жөнінде пікір алмасу болды. Атап айтқанда, тараптар жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастықты келесідегідей кеңейтуге келісті:

- Екі ел үшін өзара қызығушылық тудыратын салаларда - халықаралық деңгейде қаржыландырылатын бірлескен білім беру жобаларын іске асыруды жандандыру;

- Екі елдің университеттері арасында ынтымақтастық тетігін құру;

- Жоғары білім беру саласындағы оқу жоспарларымен, бағдарламаларымен, басылымдарымен, ғылыми кітаптарымен және кезеңдік басылымдарымен алмасудан басқа, екі елдің университеттерінің студенттері мен қызметкерлерінің сапарларымен алмасу;

- Екі ел студенттерінің өткізілетін жоғары білім беру іс-шараларына бірлесіп қатысу және т.б.

Сондай-ақ тараптар Мысыр Араб Республикасының Жоғары білім және ғылыми зерттеулер министрлігі мен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі арасындағы ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастық туралы қол қойылған Өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытуды, оған қоса келесілерде ынтымақтастықты кеңейтуді қуаттайды және қолдайды:

- Өзара қызығушылық тудыратын жобаларды бірлесіп зерттеу және әзірлеу;

- Зерттеушілер мен техникалық сарапшылармен алмасу;

- Конференциялар, симпозиумдар, оқу курстар, семинарлар, көрмелер ұйымдастыру және ғылыми кездесулерге қатысу;

- Ғылыми-техникалық және ақпаратпен алмасу және т.б.

Сондай-ақ өзара бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламары бойынша гранттармен алмасудың маңыздылығын аталып өтті.