ХАБАРЛАМА: 2024 жылғы 6 қазанда референдум

ХАБАРЛАМА: 2024 жылғы 6 қазанда референдум

ХАБАРЛАМА

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанда Атом электр станциясын салу мәселесі 2024 жылғы 6 қазанда референдум арқылы шешіледі деп мәлім етті.

 

Мысыр аумағында референдумға қатысуға Қазақстан Республикасының Мысырдағы Елшілігі (мекен-жайы: Каир қаласы, Нью Каиро ауданы, Саус Академи – А зонасы, Аммар бен Яссер көшесі, 371 ғимарат. Тел.: + (202) 25378079, 25378084 факс: + (202) 25378131.) жанындағы № 383 учаскесінде (жергілікті уақыт бойынша 07.00-ден 20.00-ге дейін) болады.

 

Әрбір Қазақстан азаматы белгілі бір дауыс беру учаскесінде референдумға қатысуға құқығы бар адамдардың тізіміне енгізу үшін оның осы учаскенің аумағында тіркелу фактісі негіз болатындығын атап өткен жөн.

 

Референдумда дауыс беру бюллетень негізінде жүзеге асырылады.

Өз даусыңызды беру үшін алдын-ала Елшілік жанындағы № 383 учаскесіне тіркелуді сұраймыз.

 

Қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының www.election.gov.kz веб-сайтынан таныса аласыз.