Қазақстан - Мысыр Іскерлік кеңесінің төрағасымен кездесу

Қазақстан - Мысыр Іскерлік кеңесінің төрағасымен кездесу

Каир, 2024 жылғы 28 тамыз – Қазақстанның Елшісі Қайрат Лама Шариф Қазақстан - Мысыр Іскерлік кеңесінің төрағасы болып табылатын Мысырлық фармацевтикалық ірі компаниясы EIPICO басшысы Ахмед Келанимен кездесті.

Сұхбат барысында EIPICO делегациясының Қазақстанға алдағы айдағы бизнес сапары, Қазақстан - Мысыр Іскерлік кеңесінің жұмысын белсендіру, жоғары деңгейлі ҚР делегацияларының Мысырға жоспарланған сапарларын дайындау, сондай-ақ сауда-экономикалық қатынастарды нығайту, логистикалық сын-қатерлерді еңсеру, жергілікті даму, инфрақұрылымға инвестиция құю мәселелері де кеңінен талқыланды.

Кездесу қорытындысында Қазақстандық дипломат EIPICO делегациясына Астана мен Алматыда түрлі ведомстволар мен ұйымдар басшыларымен жоспарланған кездесулері мен келіссөздері сәтті өтуін тілеп, екіжақ байланыстарын нығайту мен кеңейту қызметін жалғастыруға берік қызығушылықтарын қайта растады.