ИСЕСКО елдерінің ұлттық комиссиялары әлемдік пандемиядан туындаған дағдарыстан шығу жолдарын талқылады

ИСЕСКО елдерінің ұлттық комиссиялары әлемдік пандемиядан туындаған дағдарыстан шығу жолдарын талқылады

Ү.ж. 22 маусым күні Ғылым, білім және мәдениет жөніндегі Ислам әлемі ұйымына (ИСЕСКО) мүше елдердің ұлттық комиссиялары өкілдерінің қатысуымен «COVID-19 және дағдарыстан кейінгі іс-қимыл» тақырыбында онлайн-кездесу өтті.

Іс-шараға қатысушылар пандемиядан едәуір зардап шеккен аймақтар мен білім, ғылым және мәдениет саласындағы өзекті мәселелерді шешу мақсатында жұмыстардың басым бағыттары туралы пікір алмасты. Кездесу барысында ислам елдерінде ұлттық деңгейде COVID-19 пандемиясының зардаптарын бейтараптандыру бойынша қабылданған шаралар туралы, сондай-ақ мұқтаж елдерге көмек көрсету жөніндегі бастамалар туралы баяндамалар жасалды.

ИСЕСКО-ның Бас директоры С.Әл-Малик шекаралардың жабылуы және қатаң санитарлық шартатардың енгізілуі адамдардың күнделікті өмірін бұзды, әлемдегі экономикалық және әлеуметтік қызметке, әсіресе білім, ғылым және мәдениет салаларына теріс әсер етті деп мәлімдеді. Ұйым басшысы барлық мүше мемлекеттерді жаһандық қауіп-қатерге қарсы тұрып, дағдарысты бірлесе жеңуге шақырды.

Іс-шараға қазақстандық тараптан қатысқан Қазақстанның Мысырдағы Елшісі Арман Исағалиев өз сөзінде қатысушыларды ҚР Үкіметі тарапынан дағдарыстан шығу бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті. Сонымен қатар, дипломат Қазақстан Президенті К.К.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша алдағы кезең мемлекетімізді тиімді цифрландыру және IT саласын жаңа сапалы деңгейге көтеру белгісімен өтуі керек екенін атап өтті. «Мемлекет басшысы денсаулық сақтау, білім және ғылым салаларын түбегейлі реформалауды тапсырды», - деді ол.

Іс-шара нәтижесінде қатысушылар қорытынды құжатты қабылдады. Сонымен қатар, мұсылман әлеміндегі озық тәжірибені насихаттай отырып, білім, ғылым және мәдениет саласындағы жағдайды жақсарту бойынша жұмыстарды үйлестіруге келісті.