Мысыр Жоғарғы конституциялық сотының төрағасы Қазақстанға сапармен барады

Мысыр Жоғарғы конституциялық сотының төрағасы Қазақстанға сапармен барады

Ү.ж. 15 қаңтарда Қазақстанның Мысырдағы Елшісі А.Исағалиев Мысыр Жоғарғы конституциялық соты төрағасының орынбасары Адель Шерифпен кездесіп, екі ел арасында сот саласындағы ынтымақтастықты нығайту жолдары талқыланды.
А.Шериф Қазақстан Конституциялық Кеңесінің Төрағасы Қ.Мәмидің 2019 жылғы қазандағы Мысырға сапарының қорытындыларына жоғары баға берді. Бұл іс-шара екі ведомство арасындағы әрекеттестікке жаңа серпін бергенін айтты. Осы орайда, Мысыр Жоғарғы конституциялық сотының төрағасы Саид Мараи қазақстандық әріптесінің шақыруымен үстіміздегі жылдың көктемінде Нұр-Сұлтанға сапармен баруға ниетті екендігін жеткізді.
Анықтама: Мысырдың Конституциясына сәйкес, Мысыр Жоғарғы конституциялық сотының төрағасы Президенттен кейінгі екінші мемлекеттік тұлға болып есептеледі.