Мысырдың парламенттік делегациясы Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық жиналысына қатысады

Мысырдың парламенттік делегациясы Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық жиналысына қатысады

Бұл туралы Мысыр Парламенті Төрағасының бірінші орынбасары Ас-Саид Махмуд Шериф Қазақстан Елшісі Арман Исағалиевпен кездесуі барысында мәлімдеді.
Вице-спикермен әңгімелесу барысында дипломат биыл біздің ел әлемде теңдесі жоқ Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығын атап өтетіндігін хабарлады. Басты міндеті – мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру, Қазақстандағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету және этносаралық қатынастар саласындағы мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру болып табылатын ҚХА қызметі туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Елші Ассамблея этносаралық келісімді, қоғамдағы толеранттылықты және халықтың бірлігін одан әрі нығайтуға қолайлы жағдай жасауға ықпал ететіндігін, сонымен қатар мемлекеттік органдарға қоғамдағы экстремизм мен радикализм көріністеріне қарсы тұруда, демократиялық нормаларға негізделген азаматтардың саяси және құқықтық мәдениетін қалыптастыруда ықпал ететіндігін атап өтті. Дипломат 2020 жылы сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық жиналысы өтетіндігін және оған Мысыр Парламентінің басшылығы шақырылатындығын хабарлады.
Төрағаның бірінші орынбасары Қазақстан халқын бұл айтулы оқиғамен құттықтап, алдағы мерейтойлық шараға қатысуға дайын екендігін қуаттады. Ас-Саид Махмуд Шериф Қазақстандағы ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей моделіне, сондай-ақ елде бейбітшілік, бірлік пен тұрақтылық сақтауды қамтамасыз ететін Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлін жоғары бағалады.
Сонымен қатар, әңгіме барысында тараптар парламентаралық ынтымақтастықты, оның ішінде Қазақстан-Мысыр достық қоғамы аясындағы әрекеттестікті қарқындату жолдарын талқылады.