Қазақстан Елшісі Мысыр парламентінің депутаттарымен кездесті

Қазақстан Елшісі Мысыр парламентінің депутаттарымен кездесті

Елші А.Исағалиев МАР Парламенті Дін істері комитетінің төрағасы Осама әл-Абд басқарған Қазақстан-Мысыр парламенттік достық қоғамының мүшелерімен кездесті.
Кездесу барысында қазақстандық дипломат депутаттарға Қазақстанда Президент К.К.Тоқаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан саяси реформалар, өткен жылы құрылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің рөлі мен жұмысы, сондай-ақ қоғамды одан әрі демократияландыру үрдістері туралы хабарлады. Сонымен қатар, Елші Парламент мүшелеріне экономикалық реформалар және заңнаманы жетілдіру жөніндегі шаралар туралы ақпарат берді. Мысыр депутаттары Қазақстандағы саяси және экономикалық өзгерістерге үлкен қызығушылық танытып, олар APE заң шығарушы органында мұқият зерделеуге лайық екендіктерін атап өтті.
Сонымен бірге, А.Исағалиев Абай мен Әл-Фарабидің мерейтойларын мемлекеттік және халықаралық деңгейде атап өту, осыған орай жоспарланған мерекелік іс-шаралар туралы жеткізді.
Кездесу барысында Қазақстан мен Мысыр парламенттері арасындағы ынтымақтастықты дамыту жолдары, оның ішінде екі елдің заң шығарушы органдар арасында ресми делегацияларымен алмасу мәселелері талқыланды.