Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы туралы

ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!

2022 жылғы 20 қараша (жергілікті уақыт бойынша 07:00-ден 20:00 дейін) Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Елшілігі жанындағы № 251 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс беру өтеді.

Қазақстанның 18 жасқа толған және белсенді құқығына ие әрбір азаматының Қазақстан Республикасының Президентін сайлауға конституциялық құқығы бар.

Сіздің аты-жөніңіздің сайлаушылар тізімінде болуы осы құқығыңызды жүзеге асыруға кепілдікті береді.

Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Елшілігі жанындағы №251 сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне болу елінде уақытша немесе тұрақты тұратын және қолданыстағы Қазақстан Республикасы азаматының паспорты бар барлық азаматтар енгізіледі.

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!

Сіздерді сайлаушылар тізіміне енгізу үшін (мемлекет атауы) аумағындағы әрбір азамат өзіне қатысты деректерді (Аты-жөні, ЖСН, тұратын мекенжайы, байланыс деректері) cairi@mfa.kz электрондық мекенжайға «Сайлау-2022» белгісімен алдын ала жіберу қажет.