ҚР президентінің сайлауы: әрбір азаматтың даусы маңызды

ҚР президентінің сайлауы: әрбір азаматтың даусы маңызды

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатқа қойылатын талаптар туралы:

  1. Кандидат тумысынан Республика азаматы болып табылатын;
  2. Қырық жасқа толған;
  3. Мемлекеттік тілді еркін меңгерген;
  4. Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын;
  5. Жоғары білімі бар;
  6. Мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы мемлекеттік лауазымдарда кемінде 5 жылды құрайтын  жұмыс тәжірибесі бар;
  7. Белсенді сайлау құқығына ие азамат болуы тиіс.
  8. Кандидаттарды республикалық қоғамдық бiрлестiктер ұсынады.
  9. Кандидаттарды ұсыну 2022 жылғы 11 қазан сағат 18:00-де аяқталады.
  10. Кандидаттарды тіркеу 2022 жылғы 21 қазан сағат 18:00-ге дейін.

Қазақстан Республикасы Президенттiгiне кандидатты қолдап қол жинау

  1. Президенттікке кандидатты қолдау үшін:
  2. Сайлаушылардың кандидатты қолдауы олардың қол жинауы арқылы расталады.
  3. Президенттiкке кандидатты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Республика астанасының кем дегенде үштен екiсiнiң атынан теңдей өкiлдiк ететiн сайлаушылардың жалпы санының кем дегенде бiр процентi қолдауы тиiс.
  4. Қол жинауды сенiм бiлдiрiлген өкілдер ұйымдастырады және қол қою парақтарымен ресімдейді.
  5. Кандидаттың талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін Орталық сайлау комиссиясы екі күннен кешіктірмей қол қою парағының үлгісін бекітеді.
  6. Әрбiр қол қою парағының рет нөмiрi болуы тиiс. Сондай-ақ параққа кандидаттың тегi, аты, әкесiнiң аты мен оған сенiм бiлдiрген адамының қолы, қол жинаушының тегi, аты, әкесiнiң аты, қол жинаған елдi мекеннiң атауы және
  7. қол қойған адамдар туралы мәлiметтер енгiзiлуі тиiс
  8. Қол жинаушы адам жұмыс барысында кандидаттың сенiм бiлдiрген адамының тiркелгенi туралы куәлiктiң көшiрмесiн көрсетуге тиiс.
  9. Толтырылған қол қою парақтары аумақтық сайлау комиссияларына тапсырылады.
  10. Аумақтық сайлау комиссиясы қойылған қолдардың растығын 5 күн ішінде анықтайды, тиісті хаттаманы рәсімдейді және оны Орталық сайлау комиссиясына жолдайды.
  11. Қойылған қолдардың дұрыстығын тексеру Президенттікке кандидатқа қажеттi нақты қойылған қолдар саны анықталғанға дейiн жүргізiледi.

САЙЛАУШЫЛАР ТIЗIМIНДЕРІНЕ ЕНГIЗУ ТУРАЛЫ

  1. Сайлаушылар тізімдеріне Республиканың белсендi сайлау құқығы бар және тиiстi сайлау учаскелерiнің аумағында тіркелген азаматтар енгізіледі.
  2. Әрбір азамат тұрғылықты жеріне қарамастан тиісті жергілікті атқарушы органда сайлаушы ретінде тіркелуге құқылы.
  3. 2022 жылғы 20 қазанға дейін сайлаушы тұрғылықты жері бойынша учаске тізіміне енгізу үшін тиісті әкімдікке өтініш беруге құқылы.
  4. Тұрақты тіркеуі жоқ азаматтар орналасқан жері бойынша әкімдіктерге берілген жазбаша өтініш негізінде тізімдерге енгізіледі.
  5. Азамат сайлаушылардың бір ғана тізіміне ене алады.
  6. Сайлаушылар тізіміне енгізуді тексеру немесе тізімге енгізу үшін қайда жүгіну қажет екенін тиісті әкімдіктің сайты немесе Call-орталығы арқылы ақпарат ала алады.
  7. 2022 жылғы 4 қарашадан бастап азаматтарға белгілі бір учаскедегі сайлаушылар тізіміндегі өздері туралы деректерді тексеру мүмкіндігі беріледі.