
Бұл кездесуде тараптар шалғай елді мекендерді интернетпен қамту үшін төмен орбиталық спутниктерді және жерүсті станциялар желісін пайдалану мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар, С.Б.Миттал биылғы жылы «Орталық Еуразия жаңа технологиялық платформа ретінде» тақырыбында өтіп жатқан форумның негізгі панельдерінің бірінде спикер ретінде сөз сөйледі. Digital Bridge 2022 сессиясында сөйлеген сөзінде ол елдегі инновациялық цифрлық қызметтер нарығын дамыту мүмкіндіктері және OneWeb мен Қазақстан үкіметі арасындағы осыдан бірнеше жыл бұрын сәтті басталған серіктестік туралы айтып берді.
Еске салайық, Digital Bridge халықаралық форумы Қазақстандағы ең маңызды IT-шараның бірі болып табылады және жыл сайын Мемлекет басшысының қатысуымен өтеді.
Дәстүрлі түрде Форумға халықаралық IT қоғамдастықтың жетекшілері, қазақстандық және шетелдік технология сарапшылары, цифрлық даму мамандары, IT-компаниялар мен стартаптар, венчурлық инвесторлар, технологиялық кәсіпкерлер, мемлекеттік органдар мен БАҚ өкілдері қатысуда.
Шараның ұйымдастырушылары болып Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және Astana hub IT-стартаптар халықаралық технопаркі табылады.