Қазақстан мен Мысыр: исламдық банкинг саласында серіктестік

Қазақстан мен Мысыр: исламдық банкинг саласында серіктестік

Каир, 2022 жылғы 1 желтоқсан – Елші Қайрат Лама Шариф Faisal Islamic Bank of Egypt басшысы Абдельхамид Мұхаммад Абу Мұсамен кездесті.

Әңгімелесу барысында қазақстандық дипломат сұхбаттасушыны Қазақстанның экономикалық әлеуеті және инвестициялық тартымдылықты арттыру бойынша жүргізіліп жақтан реформалар туралы хабардар етіп, сенімді қаржы құралдарын, оның ішінде исламдық банкинг құралдарын дамыту мүмкіндіктерін табудың өзектілігіне назар аударды. Орталық Азия аймағындағы елдер, сондай-ақ оның жақын көршілері үшін осындай құралдардың бірі - 2025 жылы ислам банкингінің өңірлік хабына айналу мақсатын қойған Астана халықаралық қаржы орталығы болып тұр.

Сонымен бірге Faisal Islamic Bank of Egypt (FIBE) 2023 жылғы мамырда елордада өтетін Астана экономикалық форумының XIII отырысына қатысуы туралы пікір алмасу болды.

Банк саласындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, Елші Қазақстанның инвестициялық әлеуетін таныстырып, FIBE-ге инфрақұрылымды дамытуға арналған инвестициялық жобаларын жүзеге асыру мүмкіндіктері мен Қазақстанда банк филиалын ашудың артықшылықтары туралы айтып берді.

Банк басшысы өз кезегінде аймақта исламдық банкинг тетіктері мен құралдарын орнатудағы Қазақстанның стратегиялық серіктес ретіндегі маңыздылығы мен артықшылықтарын мойындап, өзара ынтымақтастыққа үлкен қызығушылық танытты.

Faisal Islamic Bank of Egypt жеке және корпоративтік банк қызметтердің толық спектрін ұсынады, сондай-ақ Мысыр Араб Республикасында және шетелде инвестициялық қызметті жүзеге асыруда. Банктің 48 филиалы бар, клиенттік шоттардың саны 1,9 млн. шоттан асты,  ал компанияның активтері 132,6 млрд. мысырлық фунтқа жетті.

2021 жылдың нәтижелері бойынша Faisal Islamic Bank of Egypt The Banker журналының нұсқасы бойынша The Banker's Top 100 African Banks тізімінде бірінші орынды иеленіп, Forbes Middle East нұсқасы бойынша Таяу Шығыстағы 50 ең ірі банктердің тізіміне енді.