Мысырда Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтуде

Мысырда Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтуде

Бүгін Каир қаласында Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Елшілігі жанында ҚР Президентінің кезектен тыс  сайлауы бойынша № 251 сайлау учаскесі орналасты.

Сайлау күні дәстүрлі түрде Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын орындаумен басталды. Учаске жергілікті уақыт бойынша сағат 7.00-де сайлаушыларға есігін ашты.

Мысырда орналасқан әл-Азхар, Айн-Шамс және Каир университеттеріңің студенттері мен елшілік қызметкерлері алдын-ала тіркеуден өтті, сондай-ақ алғашқы сайлаушыларға естелік сыйлықтар табыс етілді. Жастардың қатарында алғашқы рет өз дауысын берген әл-Азхар университетінің араб тілі факультетінің студенті 18 жастағы Абдрашова Набира Махамталиқызы да болды.

Бүгінгі сайлау барысында еліміздің азаматтары белсенділік танытуда. Олар Қазақстандағы реформаларды жақтап дауыс беруде.

Мысырдағы сайлау комиссиясының төрағасы С.Уәлихановтың айтуынша, дауыс беру процесі заңнама талаптарына сәйкес өтуде.