Мысыр Қазақстанның ОИС-15 диалог алаңы бастамасын қолдайды

Мысыр Қазақстанның ОИС-15 диалог алаңы бастамасын қолдайды

Каир, 2022 жылғы 14 қараша – Қазақстан Елшісі Қайрат Лама Шариф Мысырдың Жоғары білім және ғылыми зерттеулер министрі, доктор Мұхаммед Айман Ашурмен кездесті.

Әңгімелесу барысында Елші Мысырлық министрге Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Ислам ынтымақтастығы ұйымына (ИЫҰ) мүше мемлекеттердің білім, ғылым және технология салаларына жауапты министрлерінің бірінші отырысына қатысуға шақыру хатын табыс етті. Осы іс-шара қарсаңында ү.ж. 1-2 желтоқсанында Исламабадтағы COMSTECH Хатшылығының штаб-пәтерінде ИЫҰ-15 диалогтық платформасының бастамасын талқылау үшін қатысушы елдердің Аға лауазымды тұлғалардың  отырысы жоспарлануда.

2021 жылғы 16 маусымда ИЫҰ ғылым және технологиялар жөніндегі екінші саммиті барысында Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев 2022 жылы ғылым мен технология  саласында 15 жетекші мұсылман елдерін біріктіретін «ИКҰ-15» Тобының мүше елдер министрлерінің кездесуін Астанада өткізуді ұсынды. Қазақстан, Мысыр, БАӘ, Сауд Арабиясы, Түркия, Малайзия, Әзірбайжан, Индонезия, Иран, Иордания, Катар, Ливан, Марокко, Пәкістан, Тунис елдері осы топты құрайды деп күтілуде.

OIC-15 диалогтық платформасы ғылым, технология және инновацияны дамыту бойынша ұсыныстар жасауға бағытталған консультативтік-кеңесші   тетік болмақ, сондай-ақ ИЫҰ-ға мүше елдерге жәрдемдесу үшін практикалық шаралар әзірлеу бағытында саяси көшбасшылық, директивалық органдар мен ғылыми қоғамдастық арасындағы байланыстыратын көпір ретінде белсенді қызмет ету болып отыр.

Кездесу барысында қазақстандық дипломат пен Мысыр министрі Астана қаласында өтуі жоспарланған Қазақстан-Мысыр сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының кезекті отырысына дайындық мәселелерін талқылады.

Сонымен бірге Елші МАР Үкіметінің мүшесі доктор Айман Ашураны Мемлекет басшысының Қазақстан халқына «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» қыркүйектегі Жолдауы аясындағы Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы кезектен тыс президенттік сайлау өтуі туралы хабардар етті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар экономиканың басым секторларының қажеттіліктері үшін білікті адам ресурстарын даярлау саласындағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды жандандыру туралы уағдаласты.